Алаяқтыққа жол берген аудан әкімі бес жылға сотталды

Сайт әкімшілігі

28.12.2020, 10:40

907

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады,-деп хабарлайды экономикалық тергеулер департаменті. 

Сонымен, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне жалпы құны 11 840 000 теңгені құрайтын "Құлан" бағдарламасы бойынша 40 жылқы сатып алуға несие бергені анықталды, алайда бұл ақша иесіне бұйырмаған, — делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Көрсетілген қаражатты иемденіп, оны өз қажеттіліктері үшін ысырап ету мақсатында жалған құжаттар мен түбіртектерді қолданғаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:00
Байбек Nur Otan-ды ел мемлекеттілігінің қоғамдық-саяси тіректерінің бірі деп атады
Сайт әкімшілігі 11:00
Қарағанды облысында ірі қарадан аусыл шықты
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
    17.01.2022, 09:12
  • Жағдай күрделі. Соңғы тәулікте 11,5 мың адамнан коронавирус анықталды
    17.01.2022, 09:03
  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30