Әлихан ұлықталады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

12.02.2021, 09:56

2161

     «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп, ұлттың қамын жеген Алаш баласының тәуелсіз ел болуын көксеп, сол жолда жанын қиған Әлихан Бөкейханның есімі Қарағандыдағы  Октябрь ауданына беріледі.Әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге тарап кеткен бұл жаңалықты жұрт «ақ түйенің қарны жарылған күнге» балады.  Әсіресе Қарағанды жұрты бір-бірінен сүйінші сұрауда. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «Ақ жол» демократиялық  партиясының Қарағандыдағы филиалының төрағасы Ермек Әбілдинмен кездескен кезде Октябрь ауданына Алаш көсемінің есімі берілетінін мәлімдеді.     – Облыс әкімімен кездесу барысында ол маған Октябрь ауданы  Әлихан Бөкейхан есімімен аталатынын айтты. Бұл ұсынысқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдіріпті. Сол себепті бұл бір қуанышты жағдай деп айтуға болады. Қоғам белсенділері бұл мәселені жыл сайын көтеріп келген болатын. Енді заң талаптарына орай, қоғамдық тыңдау өткізу тәрізді шаралар жасалуы  тиіс, – деді «Жас Алашқа» сұхбат берген Ермек Әбілдин.         Алаш ардақтысының атымен бір қаланы атасақ та артық етпесі анық. Дегенмен Қарағанды жұртының бұлайша қуануына негіз бар деп айтуға болады. Қарағандылық қоғам белсенділері мен тұрғындар Әлиханның атымен Октябрь ауданын атауды сұрап жүргеніне бірнеше жыл болған-ды. Халықтың бұл бұйымтайын талай  естіген биліктің осы уақытқа дейін неге әрекетсіз отырғаны түсініксіз еді. Сол кезде биліктің тұспалдап жеткізген сылтауы көше атауларын өзгертуге тыйым салған мораторий ғана болатын.

                                   Әкімнен әкімге өткен уәде

       2016 жылы  Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойында сол кездегі облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандыдағы бір ауданның атын Алаш арысының есімімен атауды жоспарлап отырғанын айтқан еді. Халық бұл уәдені ұмытпады, ал әкімдер оны орындауға асықпады. Осылай жұртты бір қуантып желпінткен Нұрмұхамбет Әбдібеков облыс әкімі лауазымынан кетіп қалды. Кейін оның орнына келген облыс әкімі Ерлан Қошанов еріксіз бұрынғы әкімнің уәдесі жерде қалмайды деп сендірді. Алайда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның есімін беру мәселесін Қошанов та шеше алмай, басқа қызметке ауысып кетті. Соңғы жылдары үміт үзілгендей болғанмен, қоғам белсенділері «Уәде – Құдай сөзі» дегенді облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке анда-санда жеткізіп отырды. Енді дүйім жұрт бұл жолы сең қозғалып, биліктің уәдесі шынымен орындалар деп сенеді.

Тегтер: тарих тағылым руханият пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 18:13
Шенеуніктер неге тәртіп бұзады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 12:24
Екпіндіктер әкім Смайыловтан жауап күтіп жүр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:15
Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 14:53
Полиция 7 адамның өмірін қиған жол апаты туралы айтты
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 10:53
Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.03.2021, 18:02
Теміртаулықтар қатты аязда жылусыз қалды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51