Алматы облысы ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін берді

Еркежан АРЫН

14.12.2020, 16:18

378

Орталық коммуникациялар қызметі Мемлекет басшысының Жолдауы аясында облыс әкімдерінің аумақтарды дамыту мәселелері бойынша дәстүрлі баспасөз конференцияларын бастады. Бірінші болып Алматы облысының басшысы Амандық Баталов есеп берді.

Оның айтуынша, облыста 9 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте 3,1% өсім тіркелді, яғни ақшалай түрде бұл 846,7 млрд теңгені құрайды. Әсіресе ауыл шаруашылығында айтарлықтай жақсы көрсеткіштер байқалады – 2,4% (634,6 млрд. теңге), ал құрылыста – 11,6% (208,2 млрд. теңге). 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Аймақта қолайлы инвестициялық ахуал құру және іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша қолдан келерлік шаралар қабылдануда. 438 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен көрсеткіштен 8,8% артық. Алматы облысының әкімі А.Баталов:

— Коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жыл қиын болды. Барлығымызға таныс өмір салты толығымен дерлік өзгерді. Бірақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында Алматы облысы экономиканың негізгі салаларында оң динамиканы сақтап қалды және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысын жалғастырды, — деді

Соңғы жылдары «РИР» АҚ Жетісу ӘКК қолдауымен 51 орталық құрылды, оның мақсаты қант қызылшасын өсіруді дамыту, дәнді дақылдар, көкөністер, жүгері, күріш және картоп өсіруді, сондай-ақ жемшөп дайындауды қолдау болып табылады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, өңірдің сервистік-дайындау орталықтарына мыңнан астам заманауи ауылшаруашылық техникасы қосылды.

«Мемлекеттің қолдауының арқасында облыстың диқандары машина-трактор паркін жаңартты. Бүгінгі күні барлық аудандарда аграрийлерді жеңілдететін заманауи технологиялар бар», — деп атап өтті тиісті бөлім.

Ал сатып алынған жабдық негізінен Claas, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, Ростсельмаш, Минск трактор заводтары және басқалары сияқты әлемдік брендтермен ұсынылғандығын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда сервистік-дайындау орталықтарына (СДО)  200-ден астам шағын және орта шаруа қожалықтары біріктіріліп, 29 мың гектар алқаптағы 900 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауылшаруашылық дақылдарын себу, оларды қайта өңдеу және жинау бойынша қызметтер ұсынылды. Мысалы, қызылша өндірісі үшін сервистік-дайындау орталықтарын құру қант қызылшасының егіс алқабын төрт есеге арттыруға мүмкіндік берді. СДО құру есебінен 700-ден астам тұрақты және 12000 маусымдық жұмыс орындары құрылған.

Аграршылардың айтуы бойынша, сервистік-дайындау орталықтары – ауыл шаруашылығын дамыту үшін өте жақсы мүмкіндік, өйткені кез-келген шаруа қымбат жабдық сатып ала алмайды.

Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында әрдайым алдыңғы қатарда келеді. Бұған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің сөзі дәлел.

—  Сервистік-дайындау орталықтары алғаш рет құрылып отыр және қазіргі уақытта Алматы облысында сәтті жүзеге асырылуда. Сервистік-дайындау орталықтары іс жүзінде ауылдағы бизнестің әлеуметтік жобасына айналды: қолайлы шарттарда шаруа қожалықтары қымбат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал «Жетісу» ӘКК-нің тиімді жұмысы аймақтардағы басқа даму институттары үшін үлгі болуы тиіс, — деді ол.

Сонымен қатар, облыста 356 гидротехникалық құрылым бар, суару желілерінің ұзындығы 16,6 мың км құрайды. Каналдарды, бөгеттерді және гидроэлектрлік кешендерді жөндеу және қайта құру бойынша жоспарланған жұмыстар 2028 жылға дейін 137,8 мың га суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Биыл су шаруашылығы құрылыстарын дамытуға облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді, оның 1,4 млрд теңгесі 9 нысанды күрделі жөндеуге бөлінді. Ислам даму банкінің қаражаты есебінен ирригациялық желілерді қайта құру Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарында жүргізілген болатын.

Премьер-Министр Алматы облысының Балқаш, Ескелді және Талғар аудандарындағы тәжірибелік демонстрациялық алқаптарын, сүт-тауарлы фермаларды және жетекші шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базасын бірінші жартышжылдықта қарап шыққан болатын. А.Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, қарқынды егіншілік, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет және сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуді дамыту жобалары ұсынылды.

Биылғы жылы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 42 инвестициялық жоба іске асырылған. Осы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда, әсіресе, азық-түлік өндірісі, қайта өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты әлдеқайда өскен.

Талдықорғанда Премьер-Министр тұрғын үй инфрақұрылымының дамуын, облысты газдандыру бойынша жұмыс барысын, сондай-ақ «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының және т.б. жұмыстардың жүргізілу барысын бақылап қатқан болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29