Алматы облысында 16 заманауи спорттық-сауықтыру орталығы жұмыс істеп жатыр

Сайт әкімшілігі

22.05.2021, 21:13

691

Алматы облысында спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Соңғы 5 жылда облыста 11 спорттық-сауықтыру кешені салынды, биыл тағы бесеуі салынады деп жатыр.

Сонымен қатар ауылды аймақтарда 8-ден астам шағын спорттық орталықтар ашу жоспарлары да бар.

Ақпан айындағы спорт саласындағы өткен жылдың қорытындысын шығаруға арналған салтанатты іс-шара барысында аймақ басшысы өңірдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне шағын автобустар мен жеңіл автокөліктердің 22 кілтін сыйлады.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов дене шынықтыру және спорт саласын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау ұлт денсаулығын нығайтудың басты кілті бола отырып, мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылатындығын баса атап өткен болатын.

Елбасы мен ел Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысында спортты жан-жақты дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Бүгінде облыс тұрғындары құрылысы аяқталуға жақын бірегей нысан – облыс орталығында олимпиадалық типтегі жабық бассейннің ашылуын асыға күтіп отыр. Өткен жылы Қарасай және Ескелді аудандарында спорттық-сауықтыру орталықтары ашылса, Көксу ауданы, Балпық би ауылындағы спорт кешені ендігі ашылуға дайын тұр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында осындай 5 кешен Балқаш, Алакөл, Ұйғыр, Ақсу, Райымбек аудандарында да салынуда. 2020 жылы облыста спорт саласын дамытуға 18,3 млрд теңге бөлінген екен.

Әкімдік тарапынан атқарылып жатқан осындай шаралары жергілікті спортшылар үшін айтарлықтай қолдау болып ынталандыра алады. Атап айтсақ, былтырғы жылдың аяғында ғана облыс спортшылары Жетісу жеңістер коллекциясына 292 алтын, 258 күміс және 303 қола медаль қосып, түрлі номиналды 853 марапаттарға ие болды. Халықаралық дәрежедегі 20 спорт шебері, 124 спорт шебері, 375 спорт шеберлігіне үміткер және бірінші спорттық санаттағы 166 спортшы дайындалды.

Біздің спортшылар Токиода өтетін ХХХІІ (32-ші) жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 7 жеке және 1 командалық лицензия алды. Олардың ішінде Санжар Мұсаев, Денис Ганкин, Ильфат Абдуллин (садақ ату), Айман Ратова (жеңіл атлетика), Асхат Ділмұхамедов (грек-рим күресі), Сергей Пономарев (велоспорт), Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика). Олардың барлығына ақшалай сертификаттар берілді.

Командалық спорт түрлеріннен де нәтижелер байқалады: волейбол, регби, футбол.

Мәселен, «Жетісу» волейбол клубының аңызға айналған командасы биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде, ол Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы екі дүркін Чемпиондары және Қазақстан Республикасы Кубогының иегерлері, екі дүркін. Қазақстан Республикасының Суперкубогының иелері. Сондай-ақ, биыл «Жетісу» футбол клубы өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 22.09.2021, 17:15
Оралдық Қайрат бағбан Қазақстанды таңғалдырмақ
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 09:47
Жол сапасы неге шытынайды?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.09.2021, 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 21.09.2021, 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 21.09.2021, 08:30
Қарағандыда үлескерлер пәтерлерін ала алмай жүр

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39