Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде

Сайт әкімшілігі

28.10.2020, 08:08

963

2015 жылдың сәуір айында Алматы облысы Алматы-Бішкек тасжолында орналасқан ірі сауда орталығындағы қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінен Қарасай АПБ кезекші бөліміне, спорттық тауарлар бутигіндегі заттарды қолды қылған ұрыларды ұстамақ болған сәтте, олардың көрсетілген бутиктің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды  Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық шабуыл және бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін кінәсін толық мойындаған 19 жастағы студентті, яғни қылмыскерлердің бірін ізін суытпай ұстады. Екінші қарулы қарақшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Күдікті-Оқанов Дидарбек Әсембекұлы жиналмалы пышақпен оларды ұстауға тырысқан үш ер адамға пышақ жарақатын салған.

Оқанов Дидарбек Әсембекұлы -19.03.1995 жылғы ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер полицияға 8 (7282) 60-82-33, 60-82-32 немесе 8 705-110-55-57 телефондары бойынша хабарлауларыңызды сұраймыз.

Тегтер: қылмыс ұрлық полиция заңсыздық фирма

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 18:17
Қамбаштан бақ тайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2021, 08:42
Жетімдерді жетелеген жігіт
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2021, 07:57
Мүгедектер арбасына жол тар болып тұр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 11:37
Оралда мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап кетті

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06