Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған

Еркежан АРЫН

27.05.2023, 19:33

1731

Қазіргі таңда Алматы қаласында нашақорлықтың әртүрлі түрлері бойынша қызмет көрсететін 40-тан астам жеке клиникалар бар. Алкоголизмге шалдыққандарды тамшы салататын жеке детокс орталықтары да баршылық. Мұндай орталықта тұру күніне шамамен 15 мың теңге тұрады.

Егер туыстары мен достары алкогольге тәуелді адамды оңалту үшін айына 300 мың төлеуге дайын болса, онда жеке медициналық орталықтар мен емханалармен байланыса алады. Рас, мұнда олар науқастарды тек ұзақ мерзімдік емге – бір айдан алты айға дейін қабылдайды.

Сарапшы мамандардың айтуынша, тәуелді адамдар орталыққа өз еркімен келмейді. Оларды туыстары немесе достары әкеледі. Жұмыстағы әріптестер емделуге ақша төлейтін жағдайлар да орын алып жатады. Тәуелді адам ешқашан ішімдік пен есірткіден бас тартпайды. Ол соншалықты күрделі проблемалық жағдайдың жоқтығына және кез келген сәтте тастай алатынына соңына дейін сенеді.

Ресми статистикаға сүйенсек, Алматыда ішімдікке салынғандар саны азайған. Бүгінде қалалық наркологиялық қызметте 4579 тәуелді адам есепте тұрса, оның 3411-і маскүнемдер, қалғандары нашақорлар. 2020 жылмен салыстырғанда бүгінде мегаполисте ішетіндер 7,5%-ға аз деп көрсетіледі.

Аталмыш клинкаларда негізінен үш-төрт айлық курстар бар, яғни осы уақыттың барлығында науқастар негізінен жабық үй-жайларда болады. Алматы қаласындағы қайта оңалту орталығының маманы, нарколог Зарина Ғабитқызы:

— Ашығын айту керек, нашақорлардың ешқайсысы мұнда өз еркімен келгісі келмейді. Бұл курорт емес қой. Ал егер мұнда адамды ертіп әкелсе, бұл оның шектен тыс алкоголь қабылдайтындығын білдіреді. Туыстары оның өмірін осылай ғана сақтап қалуға болатынын түсінеді. Әрине, біз клге келгеннен кейін иенттер, ең алдымен, ішу үшін немесе инъекция үшін еркіндікке шығуға ұмтылады. Ал біздің міндетіміз – оларды бұл қадамнан сақтау, емделуге кірісуі үшін нашақорлығын мойындауға көндіру. Науқасты осында орналастырмас бұрын онымен және оның емделуіне мүдделі адаммен келісім-шартқа отырамыз, — деп түсіндіріп өтті.

Алкогольге тәуелді адамды қандай жағдайда оңалту орталығына орналастыру қажеттілігі бар?

Алкогольді жай «тұтыну» деген бар, және «асыра тұтынушылық» деген бар. Адам айына бір рет немесе жылына бір рет бір стақан шампан ішсе, мен мұны проблема деп санамаймын. Бірақ алкоголь оның өмірінің бір саласын — физикалық денсаулығынқ, әлеуметтік жағдайын, отбасылық және интеллектуалдық қабілеттерін бұзған кезде, мамандарға жүгінудің қажеттілігі бар. Психоактивті заттар оған өмірлік жағдайлар, сезімдер, оқиғалар немесе стресстік ситуациядарды жеңуге көмектесетін "құралға" айналмай тұрып, мұны неғұрлым ертерек тоқтатып, емін тапса, соғұрлым жақсы.

Психотерапевт Мадина Бақытбекованың айтуынша, реабилитацияға келісудің өзін хирургиялық кесу секілді күрт, тез және шұғыл түрде жасау керек:

— Нашақорлықтың, алкоголизмнің өзі жай ғана созылмалы ауру емес, өлімге әкелетін, қайталанатын ауру. Оның үстіне, көп жағдайда ол тек бір адамның ғана емес, бұтін бір отбасының «ауруына» айналады. Ішімдікке тәуелді адаммен өмір сүру «ортақ тәуелділік» сияқты психологиялық қорғаныс механизмдерін тудырады. Бұл жағдай көптеген отбасыларға таныс: таңертең әйелі күні бұрын қатты ішкен күйеуіне сорпа мен су әкеп береді, сосын оған дәрі алу үшін дәріханаға жүгіреді. Сол аралықта адам ішуін жалғастыра барады. Әйелі денсаулығына алаңдап, жеке клиникадан жедел жәрдем шақырады, детоксикацияға апарады. Уақыт өте келе күйеуі ішуін жалғастырады. Туыстары ішімдікке тәуелді адамды аяп, қасында болуға, мүмкіндігінше көмектесуге тырысады және «бәрі жаман емес, ертең ол ішімдікті қойып кетеді» деп шын жүректен сенеді. Мен сізге осы иллюзиялардың бәрін тастап, мәселемен дереу күресуді бастауға кеңес беремін — байсалдылық, сақтықпен және нақты қадамдар жасау арқылы. Ең алдымен, ішімдікке тәуелді нашақорды психологтың кеңесіне апаруы керек, бірақ соның өзінде де, білікті мамандарды табуға тырысқан жөн.

Ішімдікке тәуелділіктен кодтама әдісінің көмегі бар ма?

Sober медициналық орталығының маманы Рахат Алдабаев:

— Кодтама (кодировка) қауіпсіздік құралы ретінде қарастырылса, адам осы әдіске саналы түрде келген және байсалды өмір сүруді үйренген кезде жақсы жұмыс істейді. Бұл жай ғана балдақ секілді қызмет атқарады. Ішімдік тұтыну — бұл симптом. Алкоголизм мәселесі әлдеқайда тереңде жатыр. Бұл өмірге қанағаттанбау, белгілі бір сезімдерді дұрыс сезіне алмау. Сондықтан ағаштың басын кеспей тқрып, мәселенің түп-тамырын зерттеу керек. Дәл осымен біздің мамандар жұмыс істеп жатыр. Біздің бағдарлама адамды басып, оған «сен маскүнем, нашақорсың, сен ешкімге керек емессің және осында болуың керек» деп айту емес, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Егер адам ішімдікке тәуелділігін тоқтатса, оған мотивация беріп, оның қол жеткізе алатын болашағы мен мақсаттарын көрсету керек. Оңалту орталықтарында нашақорлар тренингтер курсынан өтіп, мамандардың дәрістерін тыңдайды және, әрине, алкогольге тәуелділіктен, нашақорлықпен күрескен адамдардың әңгімелерін тыңдайды. Айтпақшы, бұрынғы клиенттеріміз де волонтер ретінде осында көмек көрсетіп тұрады. Мотивациядан, ақпараттан және дағдыдан тұратын байсалды өмір сүру әдетін беру – біздің басты міндетіміз. Бізде күнтізбелі кесте, тәртіп бар, клиенттеріміз өз үй-жайларын өздері жинайды. 

Ішімдікке тәуелділіктен емделіп, оңалту бағдарламасынан өткен адаммен туыстары қалай әрекет етуі керек?

Біріншіден, оңалту орталығынан шыққан сау, бірақ тәуелділігі бар адамның бетіне басып, қорламаған жөн. Екінші жағынан, оған қосымша қамқоршылық та қажет емес. Туысы оған көмек қолын созуға, оны тыңдауға дайын болуы керек, бірақ сонымен бірге ол үшін оның орнына ештеңе жасап қажет емес. Яғни, адамдар бір-біріне қарамай, бір мақсатқа қарап өмір сүре бастауы керек.

Неліктен кейбір адамдар денсаулығына зиян келтірмей, айтқандай айына, жылына ішімдік ұрттай алады, ал кейбір адамдар тәуелді болады?

Посткеңестік кеңістіктегі адамдар алкоголизмге генетикалық тұрғыдан бейім. Егер адамның, айталық, ішімдікке тәуелді болған атасы болса, онда оған берілген тәуелділік гені бойынша оның немересі маскүнем болмаса, нашақор немесе құмар ойынға әуес болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, егер отбасында осындай тәуелді адам болған болса, онда есірткіні былай қойғанда, тәуекелге бармай, ішімдікті де мүлде қолданбаған абзал. Яғни, ішімдік пен есірткіге тәуелділік жайдан пайда болмайды. Адам өмірінің қай кезеңінде болмасын есірткінің, ішімдіктің, құмар ойындардың өлімге, қиындықтарға әкелетінін жақсы біледі. Бірақ егер оның өзіне деген сенімі болмаса, өзін-өзі бағалауы төмен, психологиялық балалық жарақаттар немесе отбасындағы, жастық шақтағы травмалар болса, мұның бәрі ортақ түйіршікке қосылып, тәуелділікке әкеледі. Бірінші кезеңде алкоголь мен есірткі адам үшін у болып табылады, оның денесі таңертең ауырған кезде, басы ауырған кезде негізінен сигнал береді. Бірақ ол дұрыс ойлап, сезіне алмаса және есірткі мен алкогольді допинг ретінде пайдаланса, уақыт өте келе бұл оның денсаулығына үлкен зақым тигізім, әбден ушығып кетуі мүмкін. Ішімдікке тәуелді адамның жақын адамы қайтыс болды делік және стресстен аман қалу үшін ол барып, мас болды делік. Жұмыстан шығарылды, стағы барып ішімдікке салынады. Көлігі бұзылып, тағы да мас болды. Көршісі оны жақтырмай қалды, ол тағы ащы суға әуестенеді. Бүгінде қала мамандарының міндеті — кері драйверді көрсету. Мәселе болды — оны шешті және үлкен проблемаларды жеңуге дайын.  

Тәуілділіктен оңалудың қандай жолдары бар?

Іс жүзінде, ішімдікке тәуелді адамдар диспансерлік есепке қойылады, одан кейін жұмысқа тұру, жүргізуші куәлігін алу қиынға соғады деп қорқатындықтан, олар психикалық денсаулық орталығынан қашады. Сондықтан ішімдікке салынғандар жасырын емделуге жеке емханаларға баруға тырысады.

Ақылы да, мемлекеттік мекемеде де жаман әдетінен арылғысы келмейтіндер үшін кеңес кезіндегідей мәжбүрлі емдеу бар. Маскүнемдер мен нашақорлар сот шешімімен алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге психикалық денсаулық орталығына жіберіледі. Олар да сол жерде еңбек реабилитациясынан өтеді.

«Бұл шараның да өз нәтижесін беретіні сөзсіз», — дейді Сапар Құттыбайұлы. – Маскүнемдер өзін құртып қана қоймай, ата-анасын, әйелін, балаларына тыныш өмір сүруге мұрша бермейді. Жұмыстарынан айырылған олар үйден барын сүйреп, бөтелкеге ​, дозаға сата бастайды. Қазір 120 төсектік психикалық денсаулық орталығының мәжбүрлі емдеу бөлімі толықтай толтырылған. Нашақорлар бізбен бірге болған уақытында, біріншіден, ішімдікке үзіліс жасайды, өздерінің жағдайын, өмірі туралы ойлауға мүмкіндік алады, екіншіден, олардың туыстары сауығып кетуіне мүмкіндік алады және, әрине, ең бастысы, ішімдік ішуден бас тартады".

Алкоголизмнің үш кезеңі бар. Біріншісі – бастапқы, науқас сандық бақылауды жоғалтқан кезде, бірақ әлі де физикалық тәуелділік, абстиненция жоқ, яғни келесі күні ол мас болмайды. Егер адам одан әрі ішімдік ішуді жалғастырса, онда ол екінші кезеңді дамытады — абстиненция синдромы, яғни әлсіздік пайда болады. Егер ол ішпесе, дірілдей бастайды, қысымы көтеріледі, ұйқысыздық өрбиді және осыған байланысты алкогольдік психоз пайда болады. Содан кейін үшінші кезең келеді. Егер бұрын адам бір литр алкогольді ішіп, мас болмайтын болса, қазір  оған 50 грамм арақ та жеткілікті болады. Кез келген ауру сияқты, алкогольге тәуелділікті мүмкіндігінше ертерек емдеу керек.

Мәселе мынада, ащысусындарды асыра пайдаланатындар, өкінішке орай, өздерін маскүнем деп санамайды. Алматы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев:

– Өз бетінше ішетін, ешкімге араласпайтын, ешкімді балағаттамайтын, ешкімді ұрмайтын зиялы маскүнемдер бар, – деп жалғастырады Сапар Құттыбайұлы, – анамнез жинай бастасақ, осы адамдардың да ең көп таралған алкогольдік тәуелділігі бар екені анықталды. Көбінесе адамдар элиталық арақ немесе виски ішсе, бұған тәуелділік жоқ деп ойлайды. Тіпті, 20 мың доллардың  коньягін ішсеңіз де, физикалық тәуелділік барлық жағдайда бірдей болады, өйткені алкогольдің құрамы бірдей. Сыра да, шампан да бірдей тәуелділік тудырады, — дейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 13:15
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 12:52
Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:30
Жетісуда көлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:20
Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:53
Ақтөбе — Қызылорда тас жолының құрылысы 2024 жылы басталады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 16:45
5 қарашада 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімі сайланады

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55