Алматыда коммуналдық қызмет тарифтері өседі

Сайт әкімшілігі

25.01.2023, 15:05

1117

Алматыда коммуналдық қызмет қымбаттайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда ыстық және суық су, электр қуаты, жылу мен кәріз тарифтері көтеріледі деп жоспарланған. Бұл ретте құзырлы органдар төлемнің қаншаға өсетінін әзірге нақты айта алмай отыр. Бұл туралы ӨКҚ-да өткен брифингте айтылды.

«Табиғи монополия субъектілерінің әрқайсы үшін тарифтердің өсуі желілердің ұзындығы мен тозуына байланысты әртүрлі болады. Қазір талдаулар мен есептеулер жүргізіліп жатыр. Тарифтердің қаншаға көтерілетінін нақты айта алмаймыз. Тұтынушылардың салған қаражатына да қоғамдық бақылау жасалып, иесіз желілер бойынша жұмыс жалғасады. Қабылданған шаралар қызмет көрсету сапасына әсер етеді: құбырлардың жарылуы мен апаттар азаяды», — деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Әсел Буденеева.

Спикердің айтуынша, Алматыда желілердің тозуы айтарлықтай жоғары: жылу және электр желілерінде 60 пайыздан асады, сумен жабдықтау және су бұру саласында 50 пайызға жуық.

Суық су мен кәрізге тарифтер едәуір өсетіні хабарланды, өйткені бұл қызметтердің төлемі Алматыда ғана емес, Қазақстанда да ең төменгі көрсеткіштердің бірі саналады.

Жалпы, бюджеттік субсидиялаудан нарықтық қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу жоспарланған. Тарифтерді негізсіз көтеру болмайды, деп уәде берді билік.

Тегтер: тариф баға өсіру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 28.01.2023, 11:03
Маңғыстау мектептерінде білім сапасын арттыру бағдарламалары іске асуда

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28