Алматыда өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маңызы зор

Бифат ЕЛТАЕВА

29.11.2022, 14:07

2962

Алматы қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері әр демалыс күндері өткізіліп келеді. Бұл халықтың азық-түлікті қолжетімді бағада алуына жасалынып жатқан үлкен көмек десек те болады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» жобасы аясында өткізіліп келе жатқандығын айта кеткен жөн.

Әр аптаның демалыс күндері шаһарда, әр өңірден келіп жәрмеңкелер кезегімен өткізіліп келеді. Бұл жолғы демалыста қаланың азық-түлік кәсіпорындары мен Алматы облысының фермерлері өнімдерін ұсынды. Жәрмеңке барысында қала тұрғындарына елуден астам түрлі тауарлар, сүт, ет өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкедегі басты талап, өнімдердің бағасы күнделікті азық-түлік сататын дүкендер мен базарлардың бағасынан едәуір төмен болуы қажет. Қолжетімді баға арқылы тұрғындарға табиғи өнімдерді сатып алуына барынша жағдай жасалынғанын байқауға болады.

Сондай-ақ ұсынылған тауарлардың жалпы мөлшері 100 тоннаға тең. Соның ішінде ет өнімдері жиырма тонна болса, жеміс-жидек өнімдері алпыс тоннаға тең. Сүт өнімдері бес тонна, балық өнімдері бір тонна, ал басқа өнімдер 10 тонна саналады. Аталмыш жәрмеңке «Ғылым ордасы» ББО Археология мұражайына қарсы Шевченко көшесі бойымен Қонаев көшелері мен Пушкин көшелерінде таңғы 8.00-ден кешкі 17.00-ге дейін тұрақты түрде Алматы қаласы әкімдігінің бақылауымен өткізіліп тұрады.

Осы уақытқа дейін алып шаһарда Тұркістан облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облыстары мен Қонаев қаласынан, Алматы облысының 9 ауданының фермерлерінің шаруашылық жәрмеңкелері өткізілген болатын.

Түркістан облысының өткізген жәрмеңкесінде облыстың аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының фермерлері көкөніс, жеміс-жидек, шұжық өнімдерінің елуден астам түрінен, ұн, жарма, жануар, өсімдік майларын ұсынған болатын. Ал өнімнің жалпы көлемі үш жүз алпыс жеті тоннаны құрайды. 

Жалпы ауылшарушылық көрмелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға мониторингінің қорытындылары ауыл шаруашылығы тауарларын өз өнімдерін тиімді бағада өткізе алуына жағдай жасаса, тұрғындар тауарларды нарықтағы бағалардан 10-12 пайызға әлдеқайда төмен бағада сатып алады. Ал фермерлерге жәрмеңке өткізілетін орындардың шығынын Алматы қаласының әкімдігі төлейді. Осылайша, елімізде сауда қатынасының дамуы орын алып, қала тұрғындарына да, ауыл фермерлеріне де үлкен пайдасын тигізіп отыр. Әрі еліміздің экономикасы да нарықтық қатынас жүйелері бойынша пайдасын тигізіп отыр десек артық емес.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың түсіндіруінше, өткізіліп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша жасалынған шара болса, екіншіден, қала тұрғындары азық-түліктен тапшылық көрмеуі үшін жасалынған негізгі шаралар болып табылады.

Қала тұрғындарының игілігі үшін өткізіліп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкелері алдағы уақыттарда да жалғасын табады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ 07:32
Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16