«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор

Бифат ЕЛТАЕВА

20.09.2022, 13:16

569

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты жобасы аясында Алматы қаласын дамыту бойынша осы уақытқа дейін шама-шарқынша жұмыстар атқарылып келді.

Енді қала әкімі Ерболат Досаевтың сөзінше, алдағы уақытта қаланы дамытуға әлі де көп күш жұмсалатын көрінеді. Мегаполисті дамыту жоспары 2030 жылға дейін созылады. Бұл туралы қала әкімі мәслихат сессиясында айтқан болатын. Бағдарламаны әкімдік қызметкерлері мен түрлі саланың 130 сарапшысы біріге отырып, 5 рет талқылап, сараптаудан өткізді.

Ал ірі мегаполисті дамытуға қаржының тең жартысы жеке инвестициялардан тартылатынын да айта кеткеніміз жөн. Яғни, қаланы дамыту жоспарына сәйкес, шамамен 6,1 триллион теңге қажет екендігі айтылып, талқыланды. Әкімнің сөзінше «Қолданыстағы стратегиялық жоспарлар мен халықаралық тәжірибелерден әлемдік мегаполистерді дамытудың негізгі үрдістері мен қағидаттарын зерделеу арқылы сын-қатерлерді ескере отырып, қала өмірінің барлық саласында тұрғындардың өтініштерін ескеру арқылы талдап, өңдедік. Ендігі болжам 2030 жылға дейін бағдарламаны жүзеге асыру үшін 6,1 триллиондай қаржы қажет. Және қаржының басым бөлігі жеке инвестициялардан тартылады. Алдағы 3 жылда 1,3 триллион жұмсалса, 2030 жылға дейін 2 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалу жоспарлануда», – дейді.

Сондай-ақ мәслихат сессиясында қаланы дамытуға қатысты нақты жоспарлар талқыланды. Соның ішінде тағы бір айта кететін жаңалық,  Солтүстік, Батыс, Оңтүстік Батыс, Шығыс қақпасы, тарихи орталық  аталатын 5 полиорталық ашылады. Яғни, Солтүстік  полиорталығы Алматы –1 теміржол стансасына іргелес аумақ болғандықтан, ондағы өндіріс пен базарлар жойылады. Оның орнына ҮАК бойы, Баум тоғайы сынды кейбір аумақтар демалыс орны мен көгалдандыруға қолданылады. Ал Шығыс қақпасына Талғар және Құлжа тасжолының ауданы кіреді. Бұл аймақ әуежай маңындағы көрме ойын-сауық орнына және логистикалық хабқа айналады.

Батысқа келсек, бұл жер Саин және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан Солтүстік-батысқа қарай орналасқандықтан, онда индустриялық кәсіпорындар мен көлік-логистикалық нысандар хабы болады.

Оңтүстік-батыс Райымбек даңғылы мен Алатау көшесі саналады. Онда шағын өнеркәсіптік саябақтар мен агроөнеркәсіптік өңдеу, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар салынады.

Бесінші тарихи орталық Алматының негізгі өзегі болып саналады. Ал бұл аймақта инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы мен туризм дамиды.

Одан бөлек, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылмен 2030 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, орта мерзімді перспективалар «Жайлы қалалық орта», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Басқарылатын урбанизация», «Жасыл Алматы», «Алматы – смарт сити», «Қауіпсіз қала» деп 7 негізгі мақсатқа негізделіп отыр.

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев: «Дамудың жаңа бағдарламасы заман талабына сай қала тұрғындары үшін түсінікті құжат. Осы ретте қолданыстағы жоспар жаңа даму бағдарламасына қарай түзеліп, соған орай жаңа өзекті бағдарлама жасалынады», – дейді. 

Ал қаланы дамыту жоспарына қатысқан сарапшылардың пікіріне келсек, инклюзивті ортаны дамыту саласындағы сарапшы Богдан Джепко: «кедергісіз ортадан бастап егжей-тегжейлі, кезең-кезеңімен жоспар құруға тырыстық. Сол арқылы көп нәрсені бейімдеуге, өзгерістер енгізуге тура келді. Өйткені ондағы стандарттар орындалмады. Сол себептен, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мұны қолға алу керектігін түсіндік.  Және Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарын әбден зерделеп, әзірлеп шықтық», – деп пікірін білдірді. 

Осылайша, қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы барысында «Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективасы» бекітілді.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 29.09.2022, 14:10
Сот саласындағы маңызды жүйе
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:56
БҚО әкімдігі: Ресей мен Қазақстан шекарасы аумағындағы ахуал толық бақылауда
Бифат ЕЛТАЕВА 28.09.2022, 10:36
Шыныққан бала шымыр болады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 28.09.2022, 05:56
Он екі жыл бұрын ашылған мектеп құлағалы тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.09.2022, 15:49
Қарағандыдағы мектепке ұлт қайраткері Тәшеновтің аты берілді
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 27.09.2022, 12:39
Бұқаралық спорт мектептен басталады

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37