Апта сайын 10 мың адам тест тапсырады

Сайт әкімшілігі

13.11.2020, 13:36

242

Шымкентте соңғы айларда коронавирус індетіне қарсы көптеген шаралар жүргізілді. Қалада өкпені жасанды желдеткіштің саны 310-нан 612-ге жетті. ПТР тапсыратын 4 зертхана болатын, қазір күніне 3 350 тест қабылдайтын 9 зертхана бар. Үш оттегі станциясы орнатылды, 9 сұйық оттегі резервуары орнатылуда. Біршама құрал-жабдықтар алынды. Былтыр медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасына 1 млрд. теңге бөлінсе, биыл 6,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Одан бөлек 7 нысан күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

–Денсаулық саласындағы үлкен сынақ – коронавируспен күрес. Таңғы 07-30-да коронавирус жұқтырған бойынша ақпарат келеді. Таңым коронавируспен басталады десем артық айтқаным емес. Өткен аптада 14 жағдай тіркелді. Шымкентте апта сайын 10 мыңнан астам адам тест тапсырады. Жұқтырған адам анықталса, СЭҚ мамандары онымен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды карантинге алады,-дейді  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Сонымен бірге қалада дәрі-дәрмектерге арналған тұрақтандыру қоры құрылды. 659 млн. теңге қаралып, коронавирусқа арналған дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 19.10.2021, 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31