Ақ түтек боранда екі малшы ажал құшты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

01.03.2021, 09:32

1485

Арқада апта басынан бері аяз үдеп, буырқанған боран бас көтертпей тұр. Табиғаттың дүлей мінезіне қарамастан, тәуекелге бас тіккен жандар зардабын тартып-ақ  жатыр.  Айтып келген апатқа қарсы тұруға бекінген жандар азаймай отыр.  Мәселен, екі малшы  иен даладағы ақтүтек боранда ажал құшты. Құтқарушылар Жезқазған өңірінің  Кеңгір ауылдық округіне қарасты, Аралтөбе қыстағында тұратын малшы мекен-жайынан 2 шақырым қашықтағы жайылымнан табылды. Өкінішке қарай, ол сол арада жан тапсырған.  Ізім –қайым жоғалған тағы бір адам бар. 24 ақпан күні  Шет ауданы  Ақжал ауылының қыстағында малдарын сол маңға  шығарған  тұрғынның   мәйіті бір тәуліктен кейін алынды.  Атан түйені алып жығатын ақ түтек боранды көбіне ауылдағы ағайын елең қылар емес. Соның салдарын көрген Жангелді ауылындағы қыстаудан трактормен жолға шыққан әкелі- балалы тек келесі күні үйіне жеткен. Ал бір апта іздеу жарияланған  Қостанай облысы, Аманкелді ауылының Берәлі қыстағынан ірі қарасын іздеуге шыққан тұрғынды құтқару қызметінің құрамы Ұлытау  аумағынан тапқан.  Жылқысын жоғалтқан тобыл өңірінің тұрғыны абырой болғанда, есен-сау екен. Ол 7 күн бойы омбы қардан соққан үңгірге  паналапты.  Қарағанды облысында бүгін де,  дауылды боран соғып тұр. Осыған орай, барлық өңірге жүретін көлік жолы тоқтатылды.

Тегтер: ауа райы аяз болжам синоптик

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58