Ақбөкендер Сырға құлады

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

28.12.2020, 15:20

1984

Ауа райы мен жайылым жағдайына орай ақбөкендер Сырға құлады. Бүгінде олардың екі мыңға жуық үйірі Ақмешіттің атырабында жосылып жүр. Байтақ даламыздың таңғажайып тағысының түгінің өзі қыс мезгілінде ақшыл бозғылт түске боялатындықтан «ақбөкен» деп аталса, жазда қызғылт түсті түгіне орай «жезкиік» деп аталады.

Арқа төсіндегі ақбөкендердің Сыр беткейге үдере көшісімін құзырлы орындар сұғанақ көзден қорғау үшін «Киік» акциясын жүргізуде. «Охотзоопром» инспекторлары киелі жануарларды биылдан бастап қашықтан басқаратын ұшақ аппаратымен зерттеп-зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни, мамандар Қызылқұмға қоныс тепкен киіктерді «беспилотниктің» көмегімен «жайғап» жүр. Бұл заманауи құрылғы 4 сағат бойы аспанда қалқып, кез-келген аймақтың координатын дәл береді. Әсіресе броконьерлердің жолын кесуге таптырмайтын аппарат болмақшы.

Жалпы жыл басынан бері қаскөй аңшылар жүздеген бас түз жануарын өлтірген. «Охотзоопром» инспекторлары енді осындай тың тәсілдер арқылы олардың жолын байламақ.

— Ұшқышсыз аппарат сағатына 180 шақырым жылдамдықпен ұшып, бейнетаспаға түсіреді. Сонымен қатар 150 шақырымға дейінгі аумақта қандай да бір нысан болсын оны түсіріп, бейнематериалын орталыққа жібереді. Бұл әсіресе браконьер ұстауға таптырмас құрал, осы арқылы құрықтау жұмыстарында белсенді боламыз, — дейді «Охотзоопром» РМК Қызылорда аумақтық филиалының басшысы  Берік Жорабеков.

Желтоқсанның соңғы он күндігі «Текенің бұрқағы» дейтін кезең. Оны кейде «киіктің маталуы» деп те атайды. Сондықтан байыз таппайтын мезгілде жануарлар жаппай оңтүстікке бет алып Сырдың құмын пана қылатын жылдағы әдеті. Міне сол ең далада жайылып жүрген киікті қорғайтын өз заңы биылғы жылы қатайтылды, Яғни, аулаушыларға қатаң жаза кесілмек. Мамандар «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы» заңды басшылыққа алып, киік құмарларға ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша жазаға тартылатынын ескертеді.

— Негізгі мақсат атуға тыйым салынған жануарларды браконьерліктен қорғап қалу. Жануарларды жетілдіріп, көбейту. Биылғы жылдан бастап браконьерлерге қарсы Қылмыстық кодекстің 339 бабы қатаңдатылды. Енді нүктелік нормалар бар, — деді облыстық табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры Сәбит Серімбетов.

Браконьерлерге қатысты 339 бапта бұрындары кесілетін жаза 5 жылға дейін болса, қазір ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға ұзарған.

Талай нәубеттен аман қалған ақбөкеннің саны мемлекеттік қорғаудың, инспекторлардың еңбегінің нәтижесінде байтақ далада көбейіп келеді. Ендігі жерде киелі жануарды қорғаудың сауабы әр азаматтың ары мен намысына қамшы болсын дейміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15