08.11.2021, 11:50
407
Ақтауда «Шерқала» сауда орталығындағы жарылыстан кейінгі үйінділер әлі тазаланып жатыр. Мамандар үйінді астынан жарылмаған газ баллондарын шығарды. Бір түнде не өзгерді және қазіргі жағдай қандай - Tengrinews.kz материалында.
Жарылыс 29 «а» ықшамауданындағы екі қабатты кешеннің бірінші қабатында болған. Ғимарат ішінде жұмыс киімдер дүкені, автокөлік бөлшектері, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциялары мен қоймалар болған. Жарылыс ғимараттағы кафеде болды.
Жалпы, қираған аумақ 200 шаршы метр. Жарылыс болған аумақта кірпіштер, құрылыс материалдары шашылып жатыр.
Ақтау әкімдігінің Instagram желісінде «Аянат» дәмханасының қожайыны жарылыс кезінде мекемеде келушілер мен қызметкерлер болмағанын айтқан видео пайда болды. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде дәл осы кафеде жарылыс болды деген ақпарат тарады, бірақ Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламаларды жоққа шығарды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР