Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін

Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрі Біржан Нұрымбетовтың назарына!

Батырхан Тоғызов

20.10.2020, 04:58

2458

Құрметті Біржан Нұрымбетов, сізге Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрі ретінде осы хатты жолдан отырмын. Мен, Тоғызов Батырхан Өсімбайұлы қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданында 1953 жылы туылдым. 1969 жылы 16 жасымда мектепті бітіріп, осы жылы жоғары оқу орнына түстім. 1973 жылы оқу орнының толық курсын бітіріп, диплом алдым. 1973-2016 жылдар аралығында 43 жыл үзбей ұстаздық жолда еңбек еттім.  43 жылдын 4 жылында қатардағы  мұғалім болып жұмыс істеп, бір жылында әскери кызметте болдым.  Қалған 38 жылы  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директоры қызметтерінде өтті. Бұл жұмыс денсаулыққа залалды жұмыстардан ешқандай да жеңіл емес.

43 жыл ұстаздық жұмысыма  4 жыл жоғары оқу орнында оқыған жылдарымды коссақ, 47 жылдық педагогикалық еңбек стажыммен (зейнетке шығардан бұрынғы соңғы 3 жылдағы орташа жалақым 169 мың теңге болатын)  бүгінгі күні 117  мың теңге зейнетақы аламын. Мұның қаншалықты дұрыс екендігін білгім келеді.  Себебі, бізден 5-6 жас үлкен азаматтар осындай еңбек өтілімен, осындай жалақымен 135 мың теңге зейнетақы алады. Себебі, олар 1998 жылғы зейнетақы реформасына дейін 6-7 жыл көп уақыт жұмыс істеді. Ал біздің 1998 жылдан зейнет жасына жеткенге дейін олардан 5-6 жыл көп уақыт жұмыс істегеніміз есепке алынбай отыр. Бүгінде еңбек өтілінің шегі 33 жыл болып есептелгендіктен, ортадағы «1998 жылға дейінгі еңбек стажы»  деген кедергіні алып тастау керек.  Себебі, ол 1998 жылға дейін көп еңбек өтілі барларға басымдық береді. Осы мәселеге жіті көңіл бөле отырып, менің және мен сияқты өте көп азаматтардың зейнетақысын қайта есептеулеріңізді сұраймын.

Зейнеткерлікке шығару кезегі үш жылдық орташа жалақыға (86-100 мың теңге төңірегінде) және еңбек өтіліне (33 жыл жоғарғы шегі) шек қоюларыңыз да түсініксіз. Әр адамның өз еңбек өтілі және орташа еңбекақысы дербес есептелсін. Айлық көрсеткіштің жоғары шегі 250 мың теңгеден жоғары айлық алғандарға қойылғаны дұрыс шешім болады деп ойлаймын.

 1973 -1975 жылдары Түркіменстанның Красноводск облысында еңбек етіп, әскер қатарында болғанымызда денсаулыққа зиянды өңір ретінде 70 пайыздық үстеме жалақы төленген. Осыны еңбек өтілін есептеуде ескерулеріңізді сұраймын.  Неге кейбір өңірлерде жұмыс істегендердің зейнетақысына косымша төленеді де бізге келгенде, төленбейді?

Еңбек еткен жылдарымда «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, Қазақстан Республикасының «Білім беру Ісінің үздігі» медалімен, ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталдым. Бұл да ескерілуі тиіс емес пе?

Екінші өзектегі мәселе, соңғы қездерде көптеген  сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, Оған қосымша 2020 жылдан бастап, төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе көтеру туралы ел президенті үкіметке тапсырма берді. Осыған сәйкес, сол саланың ыстық-суығын  бір кісідей бастарынан өткізген бүгінгі зейнеткерлердің зейнетақысын көтеру мәселесі қолға алынса деген өтінішіміз бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56