Әрі қолжетімді, әрі жеңілдетілген несие

Сайт әкімшілігі

06.03.2021, 20:20

148

Түркістан облысында көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінетін пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге кез-келген шаруа қол жеткізе алады. Жеңілдетілген несиені «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ арқылы алуға болады. Түркістан облысындағы диқандардың қаржыны дер кезінде алып, тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылған. Тиісті мамандар жергілікті халыққа 5 пайыздық несиені қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру, қаржыландыру талапқа сай іске асырылады. Тапсырылған құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Несие алушы негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды мерзім соңында өтейді»,- деді арнайы жиында «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Мұхтар Әлімханұлы.

Егін егу, жиын-терім жұмыстарына бөлінетін қаражат — жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлері үшін беріледі. Несиені барлығы бірдей ала алады. Бастысы, кредиттік тарихында олқылығы жоқ және бизнес-жоспары болуы шарт.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01