Асарлатып үй салып берді

Сайт әкімшілігі

14.12.2020, 18:18

1002

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы өңірде сәтті жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданында мұқтаж отбасылар санатына жататын Жамбыл ауданындағы екі отбасы баспаналы болды. Оның бірі Бесағаш ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Патима Момуова. Баспана кілтін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев табыстап, асарлатып үй салған ауыл тұрғындарына алғыс айтты.

Басағаш ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Берік Байаулиев бірлік бар жерде тірлік бар екенін тілге тиек етті. Тұрғын үйдің бой көтеруіне айрықша үлес қосқан ауыл азаматтары мен кәсіпкерлерге ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев алғысын білдірді.

Жалпы аумағы 85 шаршы метр болатын 4 бөлмелі тұрғын үй. Іші-сырты заман талабына сай жабдықталған.

Осы күнді ұзақ күткен үй иесінің қуанышында шек жоқ. «Әр отбасының басында баспанасы болса – бақытты. Міне, осы бақытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен облыс, аудан басшысына, барлық азаматқа алғысым шексіз», – дейді Патима Ақшаралқызы.

«Келісті атаның жолы – кейінгіге үлгі» демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс болды.

Рухани жаңғыру – ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. Қазаққа тән асыл қасиеттерді бойға сіңіріп, жақсы нәрселерді үйреніп, жат қылықтардан жирену. Жақыныңа жанашыр болу, көршімен тату тұру, қиналғанға қол ұшын созу – бұның бәрі бізге тән, қанымызда бар қасиет. Қазір бұл қасиеттер ұмыт болып бара жатқандай еді. Десек те, өңірімізде жүзеге асырылып жатқан айтулы жоба ескіні еске салып, бойымыздағы ізгі қасиеттерді аша түскендей. Соның арқасында «Асар» дәстүрі жанданып, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар үйлі болып отыр.

Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтиын ауылы да игі істен тыс қалған жоқ. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғындары 5 ай уақыт ішінде асарлатып 6 бөлмелі тұрғын үй тұрғызды. Баспана Сырғабаевтар әулетіне берілді. Тұрғын үйдің ішіне ауызсу, жылу жүйесі, электр жарығы тартылған. Сырты заманауи үлгіде әрленген. Үйдің іші жылы әрі жинақы. Әулеттің үлкені, асыл әже Зәмзә Қыдырмашова қоныс тоймен құттықтап келген ауылдастарына шашу шашып, алғысын айтты.

Өз кезегінде ауыл қариясы Жахан Жоламанов үй иесі Талғат Сырғабаевқа көрімдігін берсе, «Ботабай» ауылдық мешітінің жамағаты атынан «Қазақстан әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы өкілі Марат Оспанов жаңа кілем тарту етті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10