Ауыл шаруашылығы жерлеріне космомониториг жүргізілді

Сайт әкімшілігі

22.05.2021, 19:40

898

Түркістан облысының әкімдігі спутниктік деректер негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мониторингінің жаңа технологияларын пайдалануда. Облыс аумағындағы ондай жерлерді анықтау бойынша космомониторинг жүргізілді. Цифрлық технологиялар мен әдістердің кең мүмкіндіктерін қолдана отырып, жосықсыз жер пайдаланушыларға бақылау күшейтілген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Космомониторинг көрсеткіштері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Облыс әкімі кей аудандарда орын алған жер иелерінің әрекетін және оған жол берген әкімдерді қатаң сынға алды. Жер заңнамасын бұзу деректері бойынша шара қолдануды және мәселені шешуді тапсырды.

«Облыс аумағында жерді қазып тастаған жағдайлар жиілеп кетті. Неге әкімдер қарамайды? Бұл дегеніңіз – табиғатқа қиянат қой.  Ол жерге мал түсіп, мертігіп жатыр. Оны тоқтату керек. Қазып тастаған жерлерді реттеу керек. Барлық әкімдерге тапсырма», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

 Егістікке мал түспес үшін шұңқыр қазып тастаған азаматтарға шара қолдану мақсатында облыстық жер инспекциясына арнайы хат жолданған. Түркістан облысында жүріп жатқа ғарыштан мониторинг барлық жерді қамтиды және оны пайдалану мен түсімділік, тіпті су тұтынуды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жер пайдаланылмай немесе мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан жағдайларды анықтайды.

Игерілмеген жерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтару көзделген. Жерді қатарынан 2 жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, айыппұл салынады, және жер салығы 10 есе ұлғайтылады. Облыс бойынша жайылым тапшылығы бар 152 елді мекендер анықталды. Жыл соңына дейін жалпы пайдалануға 130 мың га жер өтеді. Осылайша, халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артуы күтілуде. Заң жобасында мемлекетке қайтару мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқарту қарастырылған. Жайылымдар алаңдарын ұлғайтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55