Азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін...

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 13:45

242

Шымкент қаласында бірінші қажетті азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласында егістікке жарамды 39,5 мың га жердің биылғы 9 айда 27,9 мың гектары игерілді. Одан 59,3 мың тонна өнім жиналса, келесі жылы 29,3 мың га құрап, биылғы жылмен салыстырғанда 1400 гектарға артық егілетін болады. Нәтижесінде 77,4 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Одан өзге, жыл соңына дейін жылына 300 тонна ешкі сүтін шығаратын сүт фермасы, 24 мың ірі қара бордақылайтын 5 шаруашылық, үлкен 3 құс фермасының қуаттылықтары артады.

Сондай-ақ, тұрғындардың күн көрісін жақсарту мақсатында қаладағы 27 каналға іргелес жатқан үй маңындағы жерлерді (583,3 га) тиімді пайдалану арқылы азаматтарды жұмыспен қамту да қолға алынды.

Бұл бағытта қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары, Атамекен ҰБХ және «Social Farm» тұрақты егіншілік орталығы өкілдерімен бірлесіп 30 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сертификаттар таратылды.

Сонымен қатар, қаламызда азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 ірі қойма және 25 сауда нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15