Бағбан болсаң, бамбук өсіріп көр

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

27.10.2020, 04:35

1697

Биыл ғана отырғызған бамбук 3 метрге дейін бой алыпты

Жартылай тасты әрі шөлейтті аймаққа жататын Сыр өңірінде бағбандар бамбук өсіріп көрді. Тал-дарағының өзі күтімсіз қалса, солып қалатын аймақта бамбук ағашын жерсіндіруді жаңақорғандық Амантай Сарбасов қолға алған. Нәтижесі жаман емес. Биыл ғана отырғызылған бамбук 3 метрге дейін бой алыпты.

— Бұл өзі қамыс тектес өсімдік екен. Суда тұрып, өскенді жақсы көретін болып шықты. Тропикалық өсімдік болған соң, жерсінбеуі мүмкін шығар дегенмін. Бірақ тәуекелге бардым, енді күдігім сейілді, – дейді А.Сарбасов.

Бағбандықты мұратқа айналдырған Амантай ұзақ жылдардан бері түрлі өсімдіктерді өсірумен тәжірибе жинақтап келеді екен.

— Тұқымбағымызда грек жаңғағы, миндаль, фундук жаңғағы да өсіп тұр. Алманың 10 сорты, өріктің 5 сорты, жүзімнің де бірнеше сорты бақша сәнін келтіріп тұр. Ал гүлдің 12 түрі өзгеше әлемге сүйрейді, – дейді Амантай бағбан.

Ғаламтор арқылы көшетіне тапсырыс берген бағбан әуелгіде қалай боларын болжамапты. Қашанда тәуекел іске білек сыбана кірісетін дағдысымен бамбукке де назар аударады.

– Алғашқыда өсіп-өніп кетеріне күмәнім болды. Қанша дегенмен тропикалық өсімдік қой. Ал бізде климат өзге. Ыстық жерде өсетін болғасн соң, біз жақтың да ыстығын жатсынбайтын шығар деп оған ерекше күтім жасаған жоқпын. Бірден бойын тіктеп, өсіп шыға келді, – дейді бағбан.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойын жасыл белдеуге айналдырған тұқымбақ «7 KZ Сыр Табиғаты» ЖШС-на қарайды. Шаруашылық түрлі жемістерді жерсіндірумен, будандастырумен айналысады.

— Желдің өтінде, табиғаты қатал жерді жерсінген көшет кез келген жерде өсім алып кетеді. Мұны тәжірибенің өзі көрсетіп берді. Тұқымбақ шаруашылығы статусын алғаннан бері көшеттеріміз сұранысқа ие. Және көшеттерді алған шаруашылықтардың субсидия алуға да мүмкіндіктері бар, – дейді Амантай Бектайұлы.

Аймақта ағаш егу мәдениеті қалыптасса, өңіріміз жасыл желекке оранар еді деген ол, «Тек наурыз мерекесінде көшет егеміз. Көшетті отырғызуын отырғызамыз-ау, бірақ суландыру жүйесіне мән бермейміз» деді бағбан.

Ағашқа да өсімдікке де келетін бамбукты жерсіндіре білген «7 KZ Сыр Табиғаты» ЖШС тұқымбағының бағбандары алдағы уақытта оны көптеп отырғызуды жоспарлап отыр.

Жерсіндіруге көнген бамбукты аймақта жаппай өсіру қолға алынса, облысты көгалдандыруға елеулі үлес болар еді, бәлкім.

Тегтер: бамбук өсімдік жасыл экономика бизнес нарық шаруашылық субсидия бағбан

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13:40
«Жаңа Қазақстан» және Президенттік кадр резерві
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27