Бағысқа «көгілдір отын» келеді

Сайт әкімшілігі

28.05.2021, 14:08

530

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов наурыз айында Түркістан облысындағы Бағыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар меншік пен жер телімдерін рәсімдеу мүмкіндігі жоқ екенін айтып мәселе көтерген болатын. Ауыл халқы жайылымдық және суармалы жерлердің жетіспеушілігі мен ауылға газ жеткізу мәселесін көтерді. Кездесу қорытындысымен, проблемалық мәселені шешу мақсатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен мүдделі органдардың басшыларына тапсырмалар берді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетері, Үкіметтің 17.05.2021 жылғы №326 қаулысымен Түркістан облысының шекарасы өзгертіліп, мемлекеттік шекара маңындағы Бағыс және Хиебон ауылдары 795,62 гектар жер аумақтарымен облыстың аумағына енгізілді. Ресми мәртебе беріліп, жылжымайтын мүлікке түгендеу жұмыстары аяқталды. Азаматтардың жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары басталды. Бағыс ауылы тұрғындарына қолайлы болу үшін мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылды. Шілде айына дейін Бағыс елді мекені табиғи газбен толық қамтамасыз етілмек. Газ құбырларын тарту жұмыстары осыдан 2 жыл бұрын басталған. Келесі жылы Бағыс ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынады.

Шекара маңындағы Бағыс ауылы Сарыағаш ауданынан 40 шақырым жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша, ауылда 1143 адам тұрған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39