Балалар еш кедергісіз білім алуы қажет

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

18.08.2022, 09:39

803

Биылғы жаңа оқу жылында облыста 182 мың оқушы білім алады. Осыған орай өңірдегі мектептер жаңа келбетке ие болуда. Бүгінде 6 мектепте күрделі жөңдеу жұмыстары жүруде. Бұл үшін бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген. №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектепке барған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім ордасының оқу процесіне әзірлігін бақылап, жаңа оқу жылында балалар еш кедергісіз білім алуы қажет екенін алға тартты. Әсіресе мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қатаң бақылауға алды. Бұдан бөлек, бірқатар нысандарды аралап, атқарылған жұмыстарды көзбен көрді.

Аймақ басшысы жыл сайын апатты мектептерді жойып, жаңа мектептердің желісін көбейтуге басымдық берілетін болады деді.

— Оқушылардың қуанышына ештеңе жетпейді. Мектепке қомақты қаржы бөлінгендіктен, күрделі жөндеу жұмыстары сапалы орындалуы керек. Себебі оқу жылына білім беру нысандарының дайындығы үкімет басшысының тікелей назарында. Облыс орталығында демографиялық өсімнің нәтижесінде ықшам аудандар көбейіп, мектептерде орын тапшылығы мәселесі туындағаны жасырын емес. Бұл ретте апатты жағдайдағы 4 мектептің екеуінің ғимаратын жаңа оқу жылында табыстаймыз. Тоқабай ауылындағы бір апатты мектеп жеке инвестор есебінен басталды. Ал Қазалы ауданындағы тағы бір мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ қала мектептеріндегі орын тапшылығын жою үшін 4 мектептің жанынан қосымша ғимарат салуға шешім қабылданды. Қазіргі таңда, 2 мектептің жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мердігер компаниялар бекітілуде. Ал қалған 2 білім ұясының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, – деді Н.Нәлібаев.

Өңір басшысы балалар жылына тарту ретінде аймақта 80 спорттық ойын алаңдары салынатынын жеткізді.

Сондай-ақ облыс әкімі аймақтағы ірі өндіріс орны шыны зауытына да барды. Өткен жылдың желтоқсан айында зауыттың күйдіру пеші техникалық іске қосылған. Алайда, пешті қосу-реттеу барысында ақаулар анықталып, бүгінде қажетті күйдіру қондырғысына тапсырыс беріліп, жеткізілді.

Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы негізінде зауытты іске қосу үшін биылғы жылдың 25 шілдесінде арнайы штаб құрылғанын жеткізді. Мұндағы мақсат – зауытты іске қосу кезінде туындаған мәселелерді шұғыл түрде шешу.

Әкімдік өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылымды жеткізіп беруге жауапты. Осы ретте, зауытқа қажетті электр энергия, байланыс желісі, автомобиль жолы, су және кәріз жүйелері жеткізілді. Сыртқы теміржол тұйығы құрылысы аяқталды. Ендігі кезекте екінші тараптар техникалық және авторлық бақылау өкілдерінің берген ескертулерін жою жұмыстарын жеделдетуі керек. Себебі газ келгеннен кейін, пешті қайта іске қосып, жағу үшін қабылдау актісін рәсімдеп, бітіруі қажет.

– Шынын айтқанда, зауытты іске қосу процесі тым ұзап кетті. Бар мүмкіндікті пайдаланып, зауытты іске қосуымыз қажет. Бұған дейін уәде көп берілгенімен, нәтиже болмады. Халық асыға күтіп отыр. Сондықтан қалайда өндірісті аяқтауға тиіспіз. Аптасына екі рет штаб өткізіп, өзекті мәселелерді талқылау қажет. Бәрі де менің тікелей бақылауымда болады, – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, жоспар бойынша шыны зауытының бірінші өнімі қазан айында шығарылмақ.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41