Бас дәрігер жанжалдан кейін жұмыстан шығарылды

Сайт әкімшілігі

26.10.2020, 09:14

570

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алпысбай Батихан қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Жамбыл  облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Осы жылдың шілде айында аудандық аурухананың қызметкері Фарида Жанбатырова „мекеме әкімшілігі коронавируспен күреске байланысты берілген үстемеақының бір бөлігін қайтаруды талап етіп жатыр“ деп шағымданған. Шағымы әлеуметтік желіге жарияланған соң ауданға қызметтік тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия аттанған болатын. Қызметтік тексеру нәтижесінде  Фарида Жанбатырованың келтірген кей деректері расталды. Ұжым ішінде жайсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқаны анықталды. Оған, бірінші кезекте, емдеу мекемесі әкімшілігінің кәсіптік міндеттеріне жауапсыз қарағаны әсер еткен», — делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, барлық материал құқық қорғау органдарына жіберілген.

«Тәртіп бұзғаны үшін бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А. Байтөреев қызметінен босатылды. Өз кезегінде бас дәрігер Алпысбай Батихан денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығып кеткен. Сондықтан еңбек заңнамасына сәйкес, оны қызметінен босату мүмкін болмады.

2020 жылдың 5 қазанында Алпысбай Батихан жұмысқа шығып, 20 қазан күні тағы бір рет уақытша жарамсыздық парағын аштырған. Денсаулық сақтау басқармасымен тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде емдеу мекемесі басшысының демалысқа негізсіз шыққаны анықталды.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының

2020 жылдың 26 қазанындағы бұйрығына сәйкес,  Алпысбай  Батихан тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды», — деді ведомстводағылар. 

Еске салайық, 2020 жылғы шілдеде Жамбыл облысы Жуалы аудандық аурухананың қызметкері Фарида Жанбатырова «мекеме әкімшілігі коронавируспен күреске байланысты берілген үстемеақының бір бөлігін қайтаруды талап етіп жатыр» деп шағымданған.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51