Бас санитарды сотқа бергендер жеңіліп қалды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

21.05.2021, 09:08

1508

      «Карантиндік шектеулер адам құқығын таптайды» деп есептеген  қарағандылықтар облыстың бас  санитар дәрігерін сотқа берген еді. Алайда алғаш  болып шағым түсірген төрт талапкердің бірінші  сот процесінен-ақ тауы шағылып қайтты.

        Карантиннен қажыған  Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары облыстың бас санитарының үстінен сотқа арызданған болатын. Олардың ішінде қарапайым қала тұрғындарымен қоса, кәсіпкерлер де бар. Шағым түсіргендер  күнделікті режимге  айналған бетпердеден қажығандарын алға тартып, сауда орындары мен түрлі нысандарға қалаған уақытында кіріп-шыға алмайтындарына, бизнес нысандарының жиі жабылатынына шағым білдірді. Олар бас санитардың карантиндік шектеу шараларын  адам құқығын таптау деп есептеп, оны жоюды талап етті.

       Шағым түсіргендердің ішінде заңгер Ирина Фурсова да бар. Алғаш болып шағым түсірген төрт қарағандылық алғашқы сот отырысында жеңіліп қалды. Арызданушылардың айтуынша, оларды  сот процесіндегі  соңғы отырыс жарыссөзге шақырмапты. Олар кейін сот шешімін қолдарына алғанда жарыссөздің өтіп кеткенін бір-ақ білген.  Істі қараған судья шағымданушылардың талабын негізсіз деп есептеп, арыздарын қанағаттандырмаған.

        Заңгер Ирина Фурсова «талай сотқа қатысып жүріп, дәл мұндай түсініспеушілікті алғаш рет көрдім» деп қайран қалды. «Мен судьяның  екінші тарапты сотқа жарыссөзге шақыруға ниет білдірмегенін алғаш рет көріп отырмын. Олар мені соңғы сот процесіне қатыстырған жоқ, яғни біздің пікіріміз тыңдалмады. Қайдан біледі, мүмкін, бізде дәлел-айғағымыз бар шығар сотқа көрсететін, бізде мұндай дәлелдер шынымен де көп еді. Сондықтан бұл жерде процессуалдық ереже бұзушылық болды деп есептеймін. Олар өздерімен-өздері жарыссөзді өткізе салды­», — ­деп мәлімдеді заңгер Ирина Фурсова.

       Сотта жеңіліп қалған қарағандылықтар бұл шешіммен келіспегендіктен, апелляциялық сот сатысына жүгінетінін мәлімдеді. Бұдан өзге, тағы үш адам облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл істер  әлі сотта қаралып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02