Батыс Қазақстанда карантин күшейді

Сайт әкімшілігі

19.03.2021, 09:16

718

Батыс Қазақстан облысында 20 наурыздан бастап карантин күшейеді. Өңірдің бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев жаңа қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»

Өңірде сенбі мен жексенбіде жабық базарлар, сауда үйлері, сауналар мен спа-салондардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Барлық кинотеатр, театр, мәдени нысан, банкет залы, түнгі клуб, бар, караокенің қызметіне тыйым салынады.

Ашық базарлар 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне болады. Жексенбіде олар да жабылады. 

Асханалар, кафелер, мейрамханалар сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы керек. Фуд-корттардан тамақ жеткізуге не алып кетуге болады.

Сұлулық салоны, шаштараз, косметикалық қызмет көрсететін орындар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуі керек.

Бас санитар дәрігер 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпауға кеңес береді.

БҚО-дағы шектеу шаралары мен мерзімі коронавирус таралуына байланысты қайта қаралуы мүмкін, делінген жаңа қаулыда.

Қазір БҚО коронавирус таралуы бойынша «сары» аймақта тұр, инфекциялық төсек-орынның 50 пайызы бос емес. 

Тегтер: карантин шектеу коронавирус қауіп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 14:45
"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді
Мариям МАҚСАТ 16.04.2021, 10:32
«Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
Нұрболат ӘЛДИБЕК 16.04.2021, 10:01
«Өз еркіңмен қызметіңнен кет деп жатыр»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 15.04.2021, 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.04.2021, 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24