Батыс Қазақстанда «нуди пати» жасағандар жазаланады

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

21.07.2021, 17:03

8337

17 шілде күні кешкісін Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты жағажайлардың бірінде 150 адам тыр жалаңаш шешініп, «нуди пати» жасағаны елдің жағасын ұстатты. Бір жағынан өңірде короновирус індеті өршіп тұрса, екінші жағынан адамдар санасына ұятсыздық вирусы мықтап ұя салып тастаған ба дерсің. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші, бұған жергілікті атқарушы органдар жұмысының әлсіздігі де себеп болғаны рас. Жедел штаб отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев осылай деп ашығын айтты

— Көргенсіз, бейәдеп шара өткізген бір топ адам карантин талаптарын бұзып, облысты ел алдында қарабет қылды. Ұялы телефонмен түсірілген «ұятсыз» бейнежазбалар әлеуметтік желілер арқылы лезде көпшілікке тарады. Заң мен ар-ұждан нормаларын бұзғандарды қатаң  жауапкершілікке тартып, жазалау керек. Өрімдей ұл-қыздарымыздың бейәдеп қылығы – дабыл қағатын мәселе. Бұл, тіпті, коронавирустан да қауіпті індет. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Қызға қырық үйден тыйым» деген бұлжымас қағидаларымыз неге сақталмайды? Осы оқиға Бәйтерек ауданында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау тиісті деңгейде еместігін көрсетті. Сол себепті аудан әкімі Марат Тоқжановқа қатаң сөгіс жариялаймын. Идеологияға жауапты аудан әкімінің орынбасарына, оспадарсыз оқиғаға жол берген ауыл әкімі мен мониторингтік топ басшысына қатысты тәртіптік шара алуды тапсырамын. Жағажайды жалға берген кәсіпкерді және жалға алғандарды қатаң жазалаған дұрыс. Демалыс күндері жағажайлар мен басқа да көпшілік тынығатын орындар жабылуы тиіс, – деді Ғали Есқалиев.

Белгілі болғаны, БҚО санэпидқадағалау басқармасы бейәдеп бастамаға мұрындық болған кәсіпкер Қайрат Дүйсекеновке 670 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде шешім алған. Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полковник Мерхат Аженов Бәйтеректегі бассыздыққа 150 адам қатысқанын растады. «Әкімшілік кұқықбұзушылық туралы Кодекстің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық») сай көпшілік іс-шараға қатысқандар түгел жауапқа тартылады», – деді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08