Батысқазақстандық кәсіпкерлер қарқыны төмендеген жоқ

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

19.08.2021, 15:36

854

Шағын және орта бизнес экономиканың күретамыры екені белгілі. Осы орайда, елдегі пандемияға қарамастан, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің қарқыны төмендеген жоқ.

Жыл басынан бері  өңірдің кәсіпкерлік саласын қолдау картасы аясында «Квант» ЖШС құны 2 млрд теңге болатын жиһаз фабрикасын ашып, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.  Жыл соңына дейін жалпы сомасы 5,9 млрд теңгені құрайтын үш жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Яғни жаңа кірпіш зауыты,  тауарлық-сүт фермасы салынып, күн панельдерінің өндірісі басталады.

Мемлекет тарапынан қаржылай қолдау «Бизнестің жол картасы – 2025», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-21 жылдарға арналған «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде көрсетілуде.

Биыл облыста «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге қарастырылған. 1 шілдедегі жағдай бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі шеңберінде несие сомасы 16 332,7 млн теңгеге 594 жоба мақұлданды, субсидия төлемдері 1 503,2 млн теңгені құрады. Кредиттерді ішінара кепілдендіру шеңберінде жалпы сомасы 4 568,9 млн теңгеге 314 келісімшартқа қол қойылды, кепілдік төлемдері 484,3 млн теңгені құрады.

         Аталмыш бағдарлама аясында 47 млн теңгенің 10 жобасы мақұлданды. Олар: медициналық бахилл шығару, мақсары (сафлор) майы өндірісі, құқықтық сауаттылық мектебін ұйымдастыру, органикалық қалдықтарды қайта өңдеу және түйіршіктелген жем өндірісі, Ақжайық ауданында жеміс бағын ұйымдастыру, арболит блоктарын шығару, минитракторлар өндірісі және т.б.

         «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі 30,2 млрд теңгені құрайтын 260 жобаны қолдады, 55 млн теңгенің тағы бір жобасы қаралуда.

Бизнесте шикізатты өңдеудің маңызын ешкім жоққа шығармайды. Осы орайда, екі жаңа жоба іске қосылды.  Яғни «ПОШ Руно» және «Кублей» серіктестіктері заманауи жаңа технология бойынша ірі қара және ұсақ малдың терісін қайта өңдеп, күні бүгінде өнімдерін Италия, Испания, Түркия нарықтарына экспортқа шығаруда.

Кәсіпкерлік саласын цифрландыру да айрықша назарда. Атап айтатын болсақ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мұнай-газ жабдықтарын өндіруді сандық басқару жүйесін енгізуді жоспарлауда. Ол уақытты үнемдеп, өнімнің құнын кемітіп, сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Құрылыс индустриясы саласында қызмет ететін «Стройкомбинат» ЖШС керамзитті технологиялық күйдіру процесін автоматты түрде бақылау, инерт материалдарды автоматты түрде өлшеу қондырғысын орнатты.

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ алдағы уақытта «Кобра 1600М» деп аталатын жарылғыш қауіпті заттарды залалсыздандыруға арналған кешен құрылысын қолға алмақшы.

«Квант» ЖШС «Ақылды қоймасын» қолға алды. Ол штрих кодты сканерлеу арқылы тауардың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Пандемия жағдайында «тұншығып» қалмауы үшін шағын бизнес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап табыс салығынан үш жыл мерзімге босатылған болатын. Оның көмегі өте үлкен болып тұр. Мәселен, инвесторлар кедендік баждан босатылды; мемлекеттік заттай гранттар ала алады; салықтан босату бойынша преференциялар, инвестициялық субсидиялар қарастырылған; инвестициялық жобалар үшін жер телімдері беріледі; инвесторларға қызмет көрсету орталығы арқылы сүйемелденеді; облыста кәсіпорын филиалдарын/өкілдіктерін тіркеу үшін мекенжай ұсынылады.

Батыс Қазақстанда инвестиция тарту және облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту үшін invest07.gov.kz инвестициялық порталы жұмыс істеуде. Порталда өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, отандық тауар өндірушілер, инвестор үшін жобалар, инвестициялық преференциялар, 100 шағын және орта бизнеске арналған жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, бос жер телімдері, бос үй-жайлар туралы толық, анық және өзекті ақпарат қамтылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39