Бердібек Сапарбаев: Ел Президентінің барлық тапсырмалары орындалуы керек

Сайт әкімшілігі

24.12.2020, 14:10

462

Өткен аптада штаб отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен аудандар әкімдерінің жұмысының нәтижелеріне қанағаттанбайтынын, берілген тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмай жатқанын ескеріп, сөгіс айтты.

Әр кездесуде карантиндік шараларды сақтамайтын кафе мен мейрамханалардың иелері туралы ақпарат жарияланады. Алайда, осы уақытқа дейін бақылаушы мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерден олардың жұмысын уақытша тоқтату туралы ұсыныстар болған емес. Тек Қордай өңірінде екі кафе жабылды, олардың иелері екі ескертуге қарамастан, карантиндік режим ережелерін бұзуды тоқтатпаған.

Сонымен қатар, аймақта коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны өсуде. Соңғы аптада 168 адамнан коронавирус анықталды. Басқа өңірлерде жағдай салыстырмалы түрде тұрақты.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев:

— Осы жылдың 29 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін 204 764 адамнан CVI-ға талдау алынған. Соңғы екі аптада, 6 желтоқсаннан 19 желтоқсанға дейін жедел жәрдем шақыру саны 3,8 процентке өсті. Басқа облыстардағы жағдай қиын. Сондықтан біз бәріне дайын болуымыз керек. Біз 2 мың орынға арналған қосымша резервті жабдықтауды бастадық. «Атлетик» оңалту орталығында COVID-19-бен ауырған 515 адам ем алды, — дейді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев инфекциядан айыққан науқастарды толық оңалту мақсатында жүргізілген жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сайлау учаскелерінде санитарлық нормалардың сақталуы тексеріліп, мұндағы анықталған кемшіліктер жедел шешілді. Штаб отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің алдындағы кеңесте алға қойған міндеттері де талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына жүгініп, пандемия жағдайында азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың маңыздылығын ескере кетті.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев:

— Біз карантиндік талаптарды күшейтуіміз керек. Алгоритм бойынша, қажет болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, денсаулық сақтау басқармасының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін бақылау тобына қосуға болады. Мен облыстың бас санитарлық дәрігеріне эпидемиологиялық жағдай туралы шешім қабылдауды тапсырамын. Тиісті ведомстволар келесі жылдың бюджетін жоспарлау кезінде денсаулық сақтау саласын жедел жәрдем көлігімен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігін ескеруі керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Пандемия мен оның салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында экономикалық өсімді қамтамасыз ету қажет. Биылғы 11 айдағы нәтиже жаман емес. Енді осы деңгейді ұстап тұру керек, сонымен бірге экономикалық өсу қарқынын үш пайызға дейін арттыру қажет. Мен өз орынбасарларыма, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдеріне барлық салада еңбек жағдайларын жасауды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, кәсіпкерлік, инвестиция салалары бойынша болжамдық көрсеткіштер бұрын анықталған болатын, біз оларға жетуге тырысуымыз керек. Ел Президентінің барлық тапсырмалары орындалуы керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру
Кемел ЖАН 18.05.2022, 12:05
Есірткімен күрес болашақ үшін қажет
Әділ АҚЫЛБАЙ 18.05.2022, 11:00
Балалардың «Футбол тойы» жылда өтетін болды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 18.05.2022, 08:38
Жемқорлыққа жол берген қызметкерге жаза қатаң

Аңдатпа


  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17
  • Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
    18.05.2022, 06:15
  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13