Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.10.2020, 04:38

3103

Сәтбаев қаласына 15 шақырым жерде  орналасқан Весовая елдімекені тұрғындарының билікке деген өкпелері қара қазандай. Тұрғындар бір кездері бес мың халық  тұрып,  тіршілігі қайнап тұрған елдімекеннің бүгінгі халі соғыстан қалған кентке ұқсайды деп жабырқайды .  2015 жылы Жезқазған қаласы маңындағы үш төрт елдімекен тұрған аумақты  қазба байлығын өндіру мақсатында мемлекет меншігіне өткізуге шешім қабылданған. Сол кезде  Весовая ауылы да осындай тізімге ілінген.  Мұндағы тұрғындарды Сатбаев қаласына көшіру көзделген. Алайда содан бері бес жыл өтсе де, ауыл тұрғындарын толық көшіруді биліктегі шенділер жүзеге асыра алмай келе жатыр. Қазіргі таңда Весовая ауылында елу отбасы ел көшкен жұртта қалып қойған. Мұнда қалған жұрт «еріккеннен қалған жоқ едік» деп ашынады.  Тұрғындар биліктің ұсынған баспанасын тұруға жарамсыз деп есептегендіктен, елдімекеннен көшпей қалып қойған.  Мұндағылар әкімшілік төбесінен су ағатын жөндеу жұмыстары жоқ пәтерлерді ұсынып отыр деп өкпелі.

Электр энергиясы мен интернеті жиі өшетін ауыл

Весовая ауылындағы елу отбасы жылуға, электр жарығына жарымай отыр. Айтуларынша, көптеген үйде жылу жоқ, тоқ жиі өшеді. Осы аптада тұрғындар әкімшілікке күнде барып жүріп жылуды әзер қосқызған.«Бүгін бізге жылу берді, бірақ батареялар сәл ғана жылы, сондықтан тоқ жылытқышпен отырмыз. Электр жарығы да жиі сөніп қалады. Мектеп, дәріхана,  балабақшалар жабылды. Енді дүкендерді де жауып жатыр. Далада қалғандаймыз.   Амал жоқ болған соң отырмыз. Маған бесінші қабаттан пәтер ұсынды, ал ол баспананың төбесінен су ағады, басқа да ақаулары көп. Оны әкімшілік жөндеп бергісі келмей отыр», – деп қынжылады Весовая ауылының тұрғыны Татьяна Коледене.

Бес жылдан бері елдімекен тұрғындарын он бес шақырымда тұрған Сәтбаев қаласына көшіре алмаған билік мәселенің жай-жапсарын айтудан бас тартты. Весовая ауылының әкімі Сәтбаев қаласы әкімдігіне сілтесе,  Сәтбаевтағы шенеуніктер журналистерден мезі болған кейіп танытып, бұл мәселеде жақ ашпауды жөн көрді. Жергілікті телеарнаның біріне сұқбат берген Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Жүнісбеков тұрғындарды жыл соңына дейін елдімекеннен көшіреміз деп мәлімдеме жасаған. Ал шенеуніктер тұрғындарға қолдағы қаулыға сәйкес, заң аясында баспана ұсынып отырмыз деп қысқа қайырды. Ал ескі  жұртта қалған тұрғындар жергілікті билік мәселені жыл соңына дейін шешіп тастайды дегенге сенбей отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58