Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

10.06.2021, 14:13

2331

Кеше кештен бері әлеуметтік желі парақшаларында және «Уатсап» желісінде, Октябрь ауданындағы «Горняк» дүкенінің маңында ер адамның қайтыс болғаны жайлы аудео және видео жазбалар таратылды. Ел аузына қақпақ болған ба? Суық хабарға әркім өзінше пәтуа жасап жұртты дүрліктірді. Көпшіліктің айтуынша, үш күн бұрын дәл осы маңда әйел кісінің жан тапсырғаны мәлім болған. Кешегі азаматтың өлімі жөнінде қаралы хабарды естіген бетте, Октябрь аудандық полиция бөлімі оқиғанының расталғанын анықтады. Полицейлер қайтыс болған 33 жастағы жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ екенін дәлелдеді.

–«Аталған факті бойынша бүгін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады. Тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың себеп-салдарын тексеруге кірісіп кетті. Ал, 6 маусымда осы төңіректе дене мүшесінде ешқандай із табылмаған 36 жастағы азаматшаның мәйіті шықты. Сот-медициналық сараптама бойынша марқұмның жүрек ауруынан қайтыс болғаны анықталды,»-деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Айта кеткен жөн, тұрғындары «Майқұдық» деп атап кеткен аудандағы бұл жерде «Горняк» деп аталатын базар мен дүкен және бірнеше кішігірім сауда орындары бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48