Бірегей ота- құлан таза жазылуға кепілдік болуда

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

05.11.2021, 18:20

775

Қарағандыдағы Х. Мақажанов атындағы көпбейінді клиниканың хирургтері  бірегей ота жасауға бет бұрғалы созылмалы ауруға шалдыққан жандардың кеселінен біржола айығып шығу көсеткіші көбейген. Оңтайлы емдеу әдісін осындағы мұрын, құлақ  тамақ бөлімшесінің мамандары осыдан 3 жыл бұрын басталған. Ол  «tempana пластикалық ота» деп аталады. Мұндай ота түрі дәстүрлі медицинада кеңес дәуірі кезінде  толықтай дәрігердің  күшімен жасалған болатын. Қазір ол заманауи құрал арқылы білікті хирургтердің шеберлігінің арқасында  жоғары нәтижеге жетіп отыр.

— Сырқаттың тағдыры  білімі мен тәжіребиесі толысқан хирургтің еншісінде десек, бүгінде ауруды анықтауда шетелдік құрылғылардың үлесі үлкен болып тұр. Осы тұрғыда, біздің бөлімшедегі Ресейлік эндоскопиялық құрылғы күрделі оталарды меңгеруге көп ықпал еткенін айта кеткен жөн. Мәселен, соңғы жетістімізге енген  «tempana пластикалық» және «жалпы пластикалық радикалды» отаны осы құрылғының  сүйеніп жасаймыз.  Бірегей медициналық техникадағы  экран арқылы  дыбыс жарғағындағы мен  мұрын қуысындағы іріңді бұлтартсыз  анық көрсетеді. Құрылғының ішіндегі қосымша аспаптар ескі жүйдегі құралдардан арылтып отыр. Оның ерекшелігі сол, жаңа аспаптар  ағзаның қанын шығармастан ауру нүктеге баратын  жолды дәлме-дәл көрсетеді.  Соның нәтижесінде,   жылына оншақты емделушінің өмірін аман сақтап қалып отырмыз. Бұрын асқынған дыбыс жарғағын қалпына келтіру мүлдем мүмкін емес еді. Енді заманауи  технологияның ықпалы арқасында қиын  отаның түрлерін  еш қындықсыз  бағындырдық.  Көпбейінді эндоскопиялық құралдың көмегімен күрделі екі  отаны бір мезгілде жасау ісін ілгерлендірдік,-дейді клиниканың мұрын, құлақ,  тамақ  аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Құлмағанбетов.

Мемлекет қаржысына сатып алынған қымбат бағалы медициналық жабдықтар қатары алдағы жыл да толыға түспек. Бұл дегеніміз, отандық медицинаның пәрменділігін арттырып, дәрігерлердің білімін тереңдетпек. Енді Қарағандылық сырқаттар қымбат бағалы ота мен білікті дәрігер іздеп шекара аспайды.  Қаражаттарын  да шығындамайды. Облыс орталығында  көрсетіліп жатқан емдеу шаралары мен күрделі оталардың барлығы  партал арқылы кезекте тұрған аймақ тұрғындарына  тегін   жасалады. Осындай оталардың нарықтағы бағасы  қазір 600 мың теңгеге тұрады. Өз ісінің кәнігі шеберлері  дамыған елдің медицинасынан еш кемдігі жоқ. Бірақ, Гипокрант антын қабылдағандар арасында білімін саудаға салып, ардан алыстағандар аз емес. Ал, кәсіби  маман үшін қашанда және қай кезде де,   жаны жабырқаулы сырқаттың ризашылығына бөленуден асқан құрмет жоқ.

-Біздің бөлімшеге өңірдің әр тарапынан өмірі қыл үстінде тұрған сырқаттар келіп түседі.  Олардың әрқайсы тағдырын бізге сеніп тапсырады.  Жағдайы мүшкіл емделушілердің отбасына аман- сау оралуы  үшін қарым-қабілетімізді саламыз. Тіпті,  кеселі дендеп,  үміті шайылған науқастар  кейде ота үстінде ем нәтижесін бірден аңғарады. Сондай сәтте: «Естідім, естейтін  болдым! Сіздерге мың алғыс!»-деп дыбыс жарғағы мүлдем естімегендер қуаныштары қойнына сыймай  айқайлап жібереді.  Ота жасап тұрған біз де,   шаттанып бірге толқимыз,-дейді облыстың үздік хирург -дәрігері Нұрлан Құлмағанбет.

 Бүгінде професссор Х. Мақажанов атындағы көпбейінді клиниканың  мұрын, құлақ, тамақ  бөлімшесінде  емі қонымды, қолы шипалы  нілдей жас хирург дәрігер топтасқан. Оларға бөлімше меңгерушісі тәлімгерлік етеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17