Бобруйскаяның "бағы" жанды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

27.09.2021, 14:18

818

Қарағанды қаласындағы шеткі көшенің бірі Бобруйская тұрғындарының мұң — мұқтажы өзге күйкі тірліктен ерекше еді. Мұндағы халық қалада тұрса да өркениеттен жұрдай қалған шалғай бір ауылда тұрып жатқандай көп қабатты үйлеріне отыны мен көмірін тасып «буржуйка» пештерін жағып жүретін. Сондай — ақ кейбір пәтерлер тоқ пештерімен жылынатындықтан электр жарығы жиі сөніп қалатын болған. Бүгінгі таңда биліктегілер жұрттың шағымын назарға алды. Облыс әкімдігінің  қолдауымен Бобруйская көшесін  орталықтанған жылу жүйесіне қосу жобасы «Нұрлы жер» мен «ТКШ-ны жаңғырту » мемлекеттік бағдарламасымен қаржыландырылған.  Қытымыр қыс алдында бұл жаңалыққа  көше тұрғындары қатты қуанды.

" Үйде буржуйка тұр, қыстай соған отын мен көмір тасып әбден қиналамыз. Көмірді сақтаудың өзі қиын еді. Сондай — ақ көп қабатты тұрғын үй болғандықтан түтіннен өзіміз жасап алған пеш мұржасынан өрт шыға ма деп қорқып қыстай үрейленетін едік. Енді бізде орталықтанған жылу желісіне қол жеткізетін болдық, әрине қуанып отырмыз ",- дейді Бобруйская көшесінің тұрғыны Күләш Сатыбалдина. 

Бобруйская көшесіндегі бес көп қабатты тұрғын үй орталықтанған жылу желісіне қосылады. Мердігер ұйымдар тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялар тартып, пәтерлерге батареялар қойып жатыр.  " Қазіргі уақытта «Теплотранзит» компаниясы да жұмыс жасап жатыр. Олар барлық үйді орталықтанған жылу желісіне қосу үшін құбырларды тартып, желілерді жүйеге қосуда",- деп мәлімдеді Облыстық Тұрғын үй қорын модернизациялау орталығының директоры Данияр Дүйсенбаев. Сондай — ақ тұрғындардың пәтер ішіндегі жылуға қосылатын құбырларын тарту ақысын биліктің ұйымдастыруымен бөліп төлеуге мүмкіндік берілуде." Негізі біздің үйде көбінесе зейнет жасындағы қариялар тұрып жатыр.Мемлекеттің демеу жасап тұрғындарға  бөліп төлеуге мүмкіндік беруі жақсы көмек. Бізде жылу мен қоса ыстық суда болады ",- дейді Бобруйская көшесінің тұрғыны, қоғам белсендісі Бейбіт Жұмабеков. 

Негізінен бұл үйлер әуел бастан орталықтанған жылу желісіне қосылмай шеттеп қалған. 70 жылдары Бобруйская көшесіндегі бұл үйлерді автокомбинат салған екен.Сол кезде бұл үйлерді жылу қазандығы мен жылытқан. Тоқсаныншы жылдың соңына қарай кәсіпорын жабылып қалған соң, қазандықта жұмысын тоқтатқан. Содан бері тұрғындар пәтерлеріне пеш  қойып алып жылытып келген еді.

"Әрбір пәтерге жылу мен ыстық су береміз. Пәтерлерге өткізілген құбырлар шыны талшықпен арматураланған. Сонымен қатар биметалды радиаторларды  пайдаландық. Өйткені олар өте сапалы болып келеді. Жертөлеге жылу құбырларын тартамыз. Автоматтандырылған жылу пунктісі  де орнатылады ",- деп мәлімдеді «СпецСтройГрупп» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Руслан Ахымбеков. 

Осылайша Арқаның ақырған қысына Бобруйская көшесінің тұрғындары да сеніммен қарап отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 09:39
Балалар еш кедергісіз білім алуы қажет
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 08:09
Ғани Мұратбаев атындағы сыйлық табысталды
Б.СӘУЛЕБЕК 17.08.2022, 18:07
Балабақшаларды лицензиялау кімдерге ұнамайды?
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 17.08.2022, 18:02
Ұлттық жобаны игеруде озықтық керек
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 16:34
Сот жүйесі уақыт сұранысына сай бейімделуде
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 14:42
«Отбасылық сот» шаңырақты шайқалтпауды көздейді

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22