"Болашақ" жобасы аясында аутизммен ауыратын 600 бала мектепке баруға мүмкіндік алды

Сайт әкімшілігі

15.11.2021, 16:18

292

«Болашақ» қоры бастамашылық еткен «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизммен ауыратын және басқа да менталды бұзылыстары бар 600 бала мектепке баруға мүмкіндік алды, ал 20 бала жетектеп жүруді қажет етпей, сыныпта өз бетінше білім ала алатын жағдайға жетті. 

Болашақтықтар 6 жыл ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жабдықтады. Онда 284 педагог-ассистент жұмыс істейді. Олар даму ерекшеліктері бар 600 баланың оқуына, әлеуметтенуіне, өз бетінше білім алуына көмектеседі.

«Әр бала мектепке лайық» жобасының ықпалымен вербалды емес балалардың 90%-і сөйлеуді үйренді, ал даму ерекшеліктері бар 50 бала мектеп, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. 2000 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқытудан өтті.

Болашақтықтардың сараптамалық қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздің 8 өңірінде тағы 16 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. 

«Болашақ» қорының мәліметінше, еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы тек өткен жылы ғана ресми түрде пайда болды. Бұл ретте педагог-ассистентті мектептердегі лауазымдар тізіліміне енгізу бойынша жұмыс 2016 жылы «Дара» ҚҚ, «Ашық әлем» ҚҚ, «Дорогою добра» ҚҚ, «Қасиетті жол» ҚҚ, «Родники» абилитациялық бағдарламалар орталығы өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, Парламент депутаттарының және т.б. қатысуымен «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасының сараптамалық кеңесінің жұмысы шеңберінде басталды.

Педагог-ассистент – инклюзивті білім беру жүйесіндегі айтарлықтай маңызға ие буын. Ол сабақта және инклюзияны қолдау кабинетінде оқу материалын меңгеруге көмектеседі, сондай-ақ, жағымсыз мінез-құлықты түзетеді және баланың бойында әлеуметтену және қарым-қатынас дағдыларын дамытады.Көбіне даму ерекшеліктері бар балаларда есіру, жылау, қатты айқайлау және тағы сол сияқты жағымсыз мінез-құлық кездеседі. Педагог-ассистент алдымен баланы осындай жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға үйретеді. 2020 жылға дейін педагог-ассистенттер басқа мамандардың, атап айтқанда, тәрбиешілердің, логопедтердің, психологтардың және тағы сол сияқты мамандардың мөлшерлемесімен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бір жылдан астам уақыттан бері педагог-ассистенттер мектеп педагогтарының штатына ресми түрде қабылданды. Осы уақыт ішінде олардың өмірінде қандай өзгерістер болды? 

Мәселен, педагог-ассистент Замзагүл Мұқанова № 88 мектеп-лицейдің инклюзияны қолдау кабинетінде 2019 жылдың қараша айында ашылғаннан бастап жұмыс істей бастады. Одан бөлек, инклюзияны қолдау кабинетінде тағы 8 ассистент-педагог және кабинет мұғалімі жұмыс істейді. Олар аутизммен ауыратын, ақыл-ой мен сөйлеуінің дамуы тежелген, церебральды сал ауруы, Даун синдромы бар 10 баланы оқытады.

Қазір Замзагүл – екінші сынып оқушысы Әлібектің педагог-ассистенті. Ол инклюзияны қолдау кабинетіне 2020 жылдың қыркүйегінде келді. Балада жағымсыз мінез-құлық байқалып, оқу дағдылары дұрыс болмады. Инклюзияны қолдау кабинетіне алғаш келгенде 5-10 минут өткеннен соң, ол үйге кетемін деп байбалам салған. Бір жыл өткеннен соң Әлібек Замзагүлдің көмегімен қатарынан 5-6 сабаққа қатысатын болған. Оқуды және жазуды үйреніп, сабырлы болып, басқа оқушылардың мазасын алмайтын болады. Оның айтуынша, әр баланың тілін дұрыс таба білу керек.

«Педагог-ассистент үнемі физикалық және эмоционалды түрде күйзелісте болады. Келесі минуттарда не болатынын білмейсің, өйткені бала сізді нұқып не ұрып жіберуі мүмкін. Әр балаға оның диагнозына, дағдыларына, мүмкіндігіне және мінезіне қарай қарым-қатынас жасайсың. Сіз баламен достасып, оның көңіл-күйіндегі  өзгерістерді сезінуіңіз керек. Ерекше қажеттілігі бар балаларға дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін маманның педагогикалық білімінен басқа, алдын-ала болжай алатын, түрлі жайттарға дайын болу үшін түйсігі де болуы керек», — дейді педагог-ассистент. 

«Болашақ» қорының жетекшісі Динара Шайжүнісованың айтуынша, барлық педагог-ассистенттер жеке бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Оларды қордың кураторы әзірлейді. Ерекше балалармен сапалы жұмыс істеу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курс ашылған. Бұл – Білім министрлігі мақұлдаған ABA терапиясының бірден бір курсы. Қазір Қазақстанның 15 өңірінен 1200-ден астам маман білім алуда. Алайда, педагог-ассистенттердің шамадан тыс жүктемесінің көптігі және жалақының төмендігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Жұмыс жүктемесін есептеу бойынша регламенттердің болмауына байланысты педагог-ассистенттердің жалақысы көбінесе білім басқармалары мен мектеп директорларының шешімдеріне байланысты. Педагог-ассистенттердің 1 баланы алып жүргені үшін орташа жалақысы кейбір өңірлерде бір ауысымда 35 мың теңгені, ал басқаларында 80-90 мың теңгені құрайды. Педагог-ассистенттер арасында жалақының төмендігі мен психоэмоционалдық жүктемеге байланысты мамандардың жиі ауысуы байқалады», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, педагогикалық білімі бар әрбір маман педагог-ассистент бола алады. Ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы білім мен дағдыларды меңгеру қажет. Мектепте педагог-ассистент тапқанмен, ол ерекше балалармен жұмыс істеген тәжірибесі жоқ жас маман болып шығатын жағдайлар болады. Мұндай жағдайда инклюзия формальды қалыпта ғана болады, яғни педагог-ассистент бар, бірақ баланың дағдысы дамымайды.  Сондықтан мектеп әкімшілігі педагог-ассистенттерді оқыту үшін жақсы жағдай мен мүмкіндіктер жасауы маңызды.

Қорда атап өткендей, бұл мәселенің шешілуі «Nur Otan» партиясының бақылауында болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30