Бөлекпаев «Күнгейдің» мәселесін шешуге неге қауқарсыз?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

01.09.2021, 09:43

1258

Қарағанды қаласының билігі үшін «Күнгей» ықшамауданы көзге шыққан сүйелдей болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті билік суы мен тоқ желісі тартылмаған қаланың шетінен талай адамға үй салуға жер сатқан еді. Бүгінде бұл аумаққа қоныстанушылардың қарасы көбейіп, «Күнгей» ықшамауданы пайда болды. Алайда бұл аудан бүгінде шенеуніктердің бас ауруына айналды. Ал мұндағы халық нашар жолдан, электр жарығы мен ауызсудың жоқтығынан қажыды. Соңғы жылдары шағым толастамай қойған соң, билік тоқ пен су желілерін біраз аумаққа тарта бастады. Алайда соған да  жете алмай, зар қақсап қалғандар жоқ емес.

        «Күнгей» ықшамауданындағы 19 алаңда орналасқан 22 жер телімінің қожайындары шенеуніктердің қателігінен электр желісінен қағыламыз деп дабыл қағып отыр. Тұрғындардың айтуынша, 2012 жылы әкімшілік бұл аумаққа коммерциялық нысандар саламыз деп жер иелеріне айтпай, жоспарға өзгеріс жасап жіберген. Жерді заңды құжатымен сатып алған меншік иелері бар екеніне қарамастан, шенеуніктердің заңсыздыққа жол бергенін жұрт 2018 жылы ғана білген. Осы жылы әкімшілік тұрғын үй салуға арналған жерлерге ғана су желісін тартқан. Осыдан кейін жерге қатысты құжаттары өзгеріп кеткен тұрғындарға су тартылмай қалды.

         Тұрғындар алты ай бойы мемлекеттік органның бүкіл есігін қағып, шағымданған-ды. Мұндағы жұрт ауқымды қаражат жинап, архитектор жалдап, жер телімінің құжаттарына түзету жасатқан. Суға жете алмай зарыққан халық тағы бір жыл жүріп, облыс әкімінің есігін талай қағып, төрт үйге бір су құдығын әзер жасатып алған. Ақыр соңында «тұрғын үй құқығы қайтарылсын» деген қаулыға қол жеткізген-ді. Бірақ 22 жер теліміне су құбыры тартылған басқа көшелердей жеке құдықтар қойылмаған. Жұрт осылайша су мәселесі толық шешілмеді деп отыр. Енді жергілікті билік аталмыш жер телімі иелерінің үйлері орналасқан аумақтан тағы айналып өтіп, басқа көшелерге жарық желілерін тартып жатыр.– Бұл біздің тағы жоспарға кірмей қалғанымызды көрсетеді. Жақында әкімшіліктен жоспарға түзету енгізіліп, аталған жер телімдерінің бұрынғыша тұрғын үй салу құқығының қайтарылғаны туралы анықтаманы алған едік. Осы уақыт аралығында су, жарық желісін жобалауға, тартуға жауапты құрылыс бөлімінің бастығы ауысты. Бұл бір тиянақсыз жұмыс болды, – деп налиды «Күнгей» ықшамауданының тұрғыны Ержан Әділ.       Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі аталмыш жер теліміндегі тұрғын үйлерге инженерлік желілер салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Алайда жауапты бөлім мамандары түзетудің қашан енгізілетінін, мәселенің қалай шешілетінін нақты айта алмай отыр. «Күнгей» ықшамауданында  қаланың іргесінде тұрса да,  жарықсыз, сусыз отырған үйлер әлі де  көп.                                  

Тегтер: мәселе түйін түйткіл қоғамдық орын әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 09:39
Балалар еш кедергісіз білім алуы қажет
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 08:09
Ғани Мұратбаев атындағы сыйлық табысталды
Б.СӘУЛЕБЕК 17.08.2022, 18:07
Балабақшаларды лицензиялау кімдерге ұнамайды?
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 17.08.2022, 18:02
Ұлттық жобаны игеруде озықтық керек
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 16:34
Сот жүйесі уақыт сұранысына сай бейімделуде
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 14:42
«Отбасылық сот» шаңырақты шайқалтпауды көздейді

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22