БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

Сайт әкімшілігі

26.02.2021, 14:02

1961

БҚО-дағы Атырау-Орал тасжолында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды  Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Көліктердің бірінің жүргізушісі полиция тыйым салғанына қарамастан жабық жолға шыққан такси жүргізушісі екен. Дәл осы тасжолда бір апта бұрын басқа жол апатынан алты адам қайтыс болды.

Хабарламада екі Toyota Camry көлігі соғысып қалғаны жазылған.

«26 ақпанда сағат 03.29-да Атамекен ауылынан 10 шақырым жердегі Атырау-Орал тасжолында 1987 жылғы және 1991 жылғы жүргізуші басқарған екі көлік соқтығысты. Екі көліктегі төрт жолаушы оқиға болған жерде көз жұмып, алты адам Тайпақ кентіндегі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

БҚО ПД баспасөз қызметі көліктердің бірінде такси жүргізушісі болғанын және полиция қызметкерлерінің жабық трассаға шықпау туралы талабына бағынбағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін 22 ақпанда БҚО-дағы осы тасжолда жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Онда алты адам қайтыс болды.

Тегтер: жол апаты көлік жол қауіпсіздігі оқиға шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49