Бюджет жобасын халық жасайды

Бастама қаншалықты баянды болмақ?

М.СӘУЛЕБЕК

29.10.2020, 03:34

823

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынды

Әрине, бұл жалғыз Шымкентте ғана жүзеге асып жатқан жоба емес. 2018 жылдан бастап, аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, елдімекендерде, халық саны 2 мыңнан асып жығылатын ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Осы кезден бастап,  жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің жобасы және олардың атқарылуы туралы есептер жергілікті қоғамдастықтың  жиналыстарында талқылана бастады. Енді бюджет жөніндегі ашық талқылауларды  мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер де өткізу тиіс. Осыған байланысты  Үкімет өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық қалада «Халық қатысатын бюджет» жобасын 2020 жылдан бастап, енгізу жөніндегі ережені бекітті. 

 Шымкент қаласында жобаның басталуы бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов баспасөз брифингін өткізді.  Аудан әкімдіктері деңгейінде ұйымдастырылып жатқан «Халық қатысатын бюджет» жобасы пилоттық режимде осыған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылған-ды. 

Басқарма басшысының айтуынша, жобаны Шымкент қаласында жүзеге асырудың  жоспары бекітілген. Бүгінде 4 аудан әкімдігі тарапынан халық қатысатын бюджетті әзірлеудің ережелері мен Сараптамалық кеңестердің құрамы бекітілді. Сонымен қатар жобаны іске асыру үшін арнайы интернет-ресурсы әзірленді. 

– Тұрғындардан өтінімдер, ұсыныстар қабылданады. Жалпы, жобаны жүзеге асырудың 3 кезеңі бар. Алдымен, сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақталады. Яғни, тұрғындардың аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Мәселен, аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, тағы басқа да мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азаматтың қатысуына мүмкіндігі бар, – деді басқарма басшысы.  

Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру «бір тұрғын – бір дауыс» қағидасы бойынша жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар 2021 жылы аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Яғни, енді бюджет жобасын жасауға тұрғындар да қатыса алады деген сөз. Әрине, жобаның ойдағыдай жүзеге асуы тұрғындардың белсенділігіне байланысты. Шенеуніктер шымкенттіктерден тың жобадан шет қалмауды сұрап отыр. 

Тегтер: бюджет жоба халық пікір пайым ұсыныс талап

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Палодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Сайт әкімшілігі 11:56
Мектептегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» қағидаттарының орындалуы жетілген
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56