Цитадель әрі тарихи, әрі туристік нысан болады

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 11:23

356

Шымкент қаласына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков келді. Сапар барысында ол шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті.

Ең алдымен қаланың орталығындағы Қошқар ата өзеніне, кейіннен Ордабасы алаңына және Цитадель қалашығы мен Тәуелсіздік саябағына ат басын бұрды.Онда туристік нысандарды дамыту бойынша бірнеше ұсыныстарын айтып, туризм басқармасының жаңа жобаларымен танысты. Сондай-ақ, ескі қалашыққа арнайы тоқталып, ондағы археолог-тарихшылармен, жоба үйлестірушылерімен кездесті.

–Шымкент — туристер үшін өте қызық, әрі әсем қала. Мұнда жанға жайлылық пен ерекше жылылық бар. Цитадель – Шымкент қаласындағы ең тарихи, әрі туристік нысан болады. Жобаның аяқталғандағы келбеті мен шаһардың сол кездегі тарихын тамашалауға бәріміз асықпыз. Мұнда Қазақстанды тануға құштар тарихшылар мен туристерді де тартатын боламыз. Сол себепті атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығы мен маңыздылығын абыроймен атқаратындарыңызға сенемін, — деді Д.Рыспеков.

Бұдан соң  төраға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховпен және қаладағы туристік нысан өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Онда карантиндегі туристік орталықтардың жұмыс қарқындылығы мен жеңілдетілген карантиндік режимдегі талаптарды сөз етіп, алдағы уақыттағы жұмыс алгоритмін талқылады.Одан өзге, отбасылық қолөнершілер Б.Бейсбековтер шаңырағында болып, қазақтың дәстүрлі бұйымдары мен туристерге ұсынылатын түрлі жабдықтармен танысты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:24
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың 65% - дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сайт әкімшілігі 15:00
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14:35
"Өлгім келеді". Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13:30
Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:48
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 15:56
Елорданың шет аймақтарын дамыту және абаттандыру: Президент тапсырмасы орындалып жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00