16.11.2020, 12:08
1165
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.
– Бүгінгі таңда, медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылды. Қалалық әкімдік резервінен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында дәрі-дәрмектердің 5 атауы бойынша сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді. Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға 659 млн.теңге бөлінді,-деді мегаполистің бас дәрігері осы аптада Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР