Делдалдар ауылды сүліктей сорып келеді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

08.12.2020, 14:28

4872

Арқада соғым  саудасы қызып тұр. Әлеуметтік желіде соғым сатамын деген желіккендер  көбейді.  Ватс-ап желісіндегі топтардан  жылқы етін арзанға алыңыз деген жарнамалар жар салуда.  Құдты, көк базарға кіріп кеткендей күй кешесің, кейде. Саудагердің айласы  айдан анық, «бағасына келісіміз» деп мәймөңкелегенмен,  бәрінің көкейінде  екі жеп биге шығудың амалы бар. Қалай дегенмен, қазіргі заманда қаладағылардың қалтасын қағып, ауылдағылардың аңғалдығын пайдаланып жүрген делалдардың дәурені жүріп тұр. Елдегі  ауыл шаруашылығы саласының  құлдырауы әсіресе делдалдардың оң жамбасына тиюде.

-Гәп осында.  Кезінде еліміздің ауыл шаруашылығы министрі болған Асқар Мырзахметов мал өсірушілер мен қаладағы тұтынушылар таз кебінге отырғызатын  делдалдардың жолын бөгеу үшін  ауылдық жерден мал өсірушілер  копперативін құру жөніндегі бастама көтерген еді. Бүгін осы мәселенің сұранып тұрған жөні бар. Алайда  сол кездегі үкімет  Мызахметовты мақсатын іске асыртпай  орынын жылыстатып  жіберді. Егер экс -министрдің ұсынысы іске асқанда, алыпсатарлар ауылға аттап баспас еді, -дейді, Қарақаралы ауданындағы «Бақтияр» шаруа қожалығының құрылтайшысы Нұрлан Оңғазыұлы.

Бірақ, билік басында естейтін құлақ жоқ. Халықты  сүліктей сорып келе жатқан ет саудасымен айналысатын алыпсатарлардың жолын кесетін жан табылмай тұр.  Елімізде делдалдарды заң жүзінде жазалайтын нақты заң жоқ.

Бұрын қаланың  делдалдары жеке көліктерімен келіп, бір малды тиеп кететін. Бір келгенде, оншақты малды бір-ақ  өңгеріп  газельмен  тиеп әкетіп жатыр. Дәніккендер құнығып алды. Барлығымыз  алыпсатарлардың жемтігіне түспеудің амалын жақсы білеміз. Алайда, сататын малды қалаға  жеткізу, одан әрі оны өткізетін  тұтынушы табу уақыт ұттырып,   шығынды көбейтеді.  Ауылдағылардың кіріптар тұсы осы. Жақында мен  күйлі  жабағымды 180 мың теңгеге саттым. Арада 2 күн өткен соң  әлгі алыпсатар оны қалада  250 мың теңгеге саудалап, оп-оңай олжаға кенелді. Бұл тығырықтан шығудың жалғыз ғана амалы бар.  Тоқ етерін айтқанда, министрлік әр ауылдан  мал сою пунктін  ашу керек.   Сонда ел етті  өзіндік құнымен сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізеді-дейді, тәжіребиелі шаруашылық иесі.

Құныққан делдалдар

Ауылдағылардың еңбегіне дәнігіп, қалада құнығып алған делдалдар саудада салқынқанды. Кесімді бағаларынан айнымайды. Соғым іздеген бірлі- жарым  қалалалықтар саудаласқанмен, шығатын  нәтиже шамалы. Қысылтаяң жағыдайға киліккен  жандар алыпсатарлардың ығына жығыла кетеді. Өмір бар жерде қаза бар. Ірі қара іздеген қаралы үйлер ауылды кезіп адақтап жүрмейді. Тіс қаққан ет сатушылар жұрттың жанды жерін  жақсы біледі. Қарағандыда қамбар ата соғымының құны қарашадан бері  күн құрғатпай құбылып тұр. Жылқы етінің нарқы үстемелеп өсу үстінде.  Халыққа кең тараған  «ОLX.КZ» ақпараттық сайтындағы жармаға  назар аударсақ, тайдың бағасы-290.000, байталдың нарқы -400.000, биенің құнын -500.000 теңгеге бағалауда.

Қарақаралы ауданы,  Бақты ауылының тұрғыны Еркебұлан  Маширов, былтырдан бері меншігіндегі бірлі-жарым жылқысын бордақылап, саудаға шығарған.

-Алдыңғы аптада бабын жасап күйлеген жабағымды  200 мың теңгеге бағаладым. Делдалдар оны базарға апарып сатып, 100 мың теңге пайдаға кенеліпті.  Айналып келгенде,  малдың рақатын баққан емес, сатқан көріп кетті-дейді, көңілі жабырқаған жігіт ағасы.

Ауыл шаруашылығы саласының майталман маманы Қайыр Рахметуллин опасыздықтың арылудың амалын айтты.

-Делдалдардың  жұрттың еңсесін көтертпей отырған   шығынын- науат деп айтуға болады. Олардың осыншама сайраңдап кетуінің себебі осы күнгі ауыл шаруашылығы саласындағы орашолақ саясаттың салдары. Мұның түпкілікті зардабы қайда апаратынын сала басшылары түсініп, сезіп отырған жоқ. Ендігі жерде «Біз қайда келдік, қайда кетіп барамыз, ауылды дағдарыстан қалай шығару керек?» деген ортақ мәселені парламентте ұлт зиялыларын, баспасөз өкілдерін қатыстыра отырып ашық талдайтын, шешетін кез келді-дейді, қоғам белесендісі.

Соғым- қазақ үшін  бағзыдан берекенің бастауы. Нарықтықты желеу етіп, жекешелендіру заманы келгеннен бері  молшылықтың белгісіне айналды. Бірақ,  бұл аста-төк тұрмысты білдірмейді.   Өкінішке қарай, бүгінде соғым бұйырған  қалалықтардың 30 пайызының тұрмысы ортаңқолды, қалған 70 пайызының жағдайы  қазан көтеруге келмей отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32