Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.08.2022, 09:05

2435

Дін мәселелері бойынша 232 өңірлік ақпараттық — түсіндіру тобы жұмыс жасайды.

Елімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша республикалық деңгейде ақпараттық — түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады. Дін мәселелері бойынша құрамында үш мыңға жуық адам бар 232 өңірлік ақпараттық — түсіндіру тобы жұмыс жүргізеді. Сәт сайын алуан түрлі ақпараттар алмасып жатқан  ағымы қатты заманда адамзат үшін діни тұрғыда адастырмайтын сауатты ақпараттардың қоғам ортасына таралуы қашанда маңызды, ол қай кезде де маңызын жоғалтқан емес. Өйткені діни тұрғыда дұрыс ақпаратқа қол жеткізбеген талай адамның тағдыры талқандалып, талай отбасының шаңырағы шайқалғаны ақиқат. Сол себепті елімізде діни тұрғыда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жасау шаралары бірінші орынға қойылып айтарлықтай көңіл бөлінуде. Ақпаратты түсіндіру топтарының қызметі деструктивті және радикалды идеологияның әсеріне ұшырау жағынан неғұрлым осал болып келетін азаматтармен атаулы жұмыс жүргізу болып келеді. Мұндай жұмыстары арнайы әзірленген әдіспен жүзеге асырылады. Атаулы жұмыстар бойынша діндар азаматтар, жұмыссыздар, өзін — өзі жұмыспен қамтығандар, мешіт жамағаты, сауда саласының қызметкерлері, жазасын өтеушілер мен олардың отбасы мүшелері қамтылып, оларға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде  көрсетіледі.

Дін істері комитетінің мәліметінше, былтырғы жылы ақпараттық түсіндіру  тобы мүшелерінің қатысуымен 2 миллионнан астам адам қамтылған 28 мыңнан астам әртүрлі деңгейдегі іс — шаралар өткізілген болатын. Оның ішінде 1 миллион  жастар он мыңнан астам шараға қатысқан. Мұндай ақпараттық шаралардың маңызды тұсы діни тұрғыда шала сауаттанып өзгенің үгіт насихатына еріп жүрген  жандарға ой салуы ықтимал. Мамандар мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстарының бүгінгі таңда елімізде оң нәтиже көрсетіп келе жатқанын да алға тартып отыр. Еліміздің барлық өңірінде теріс діни ағымның арбауына түсіп, жапа шеккендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар оларды оңалту жұмыстарын да алға қою шаралары да  ілгерілеп  келеді. Әр өңірде түрлі жағдайдың салдарынан адасып барып жол тапқан жандарға арналған оңалту орталықтары жұмыс жасауда. Мұндай оңалту орталықтарында  арнайы білім алған теолог мамандар жұмыс жасайды. Қоғам арасында теріс діни ағымдардан зардап шеккендер үшін оңалту орталықтары да өз көмегін көрсетіп нәтижелі жұмыс көрсетуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дін істер басқармасы қабылдаған меморандум аясында жұмыстар атқарылды.

Былтырғы жылы  ҚМДБ мен Түркия Дін істері басқармасы Анкара қаласында ынтымақтастық туралы меморандум қабылдап, игілікті істің бастамасын ашқан болатын. Еске сала кетсек, бас мүфти Наурызбай   қажы  Тағанұлы  екі елдің достық қарым — қатынасын нығайтуға үлес қосатын құжатты қабылдау үшін Түркияға іс — сапармен барды. Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының басшысы Әли Ербашпен дін саласындағы көпжақты ынтымақтастықты орнатуға бағытталған құжатқа қол қойған еді. Меморандум қабылдаудағы басты мақсаттар Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым қатынасты күшейте түсу, екі елге ортақ діни мектепті жаңғыртып дамыта түсу, тәжірбие алмасу, мәдени — рухани байланысты арттыру,ғылыми жобаларды қолға алу мен дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру болып табылады. Меморандум аясында екі тарап та бір — біріне халықаралық деңгейде көмек көрсетіп, қолдау  білдіруі қажет деген міндетті айқын алды. Түркі тілдес бауырлас елдер  ұрпақтарына өз елін жақсы көріп құрметтеуімен қатар бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындыруымен қатар Ислам дінінің мұрасы мен мәдениетін дәріптейді. Екі елдің діни өкілдері қоғам арасында дінге қатысты ақпараттың дұрыс таралуын діни мәселелерді шешу барысында конференция, семинар, кездесу тәрізді нәтиже беретін шараларды ұйымдастырды. Ынтымақтастық аясында діни мерекелер барысында бірлесіп шаралар ұйымдастырылған болатын. Екі ел аумағында азаматтарға  тарихи қасиетті жерлерді аралау жағы да қамтамасыз етілген болатын.  Дін өкілдері мұндай  ресми түрде қабылданған құжаттарды қабылдаудың өзіндік нәтиже бергеніне сенімді.

Тегтер: дін шара жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41