Душанбеге «Достық сыйы» тарту етілді

Сайт әкімшілігі

22.11.2020, 18:56

65

«Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының  жабылу салтанатының негізгі бөлігі Цитадельде өткенімен, қаланың көрнекті орындарында бес бағытта іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, поэзия және әдебиет, театр мен кино, музыка, бейнелеу өнері және қолөнер шеберлерінің концерттері мен көрмелері көрермен назарына ұсынылды.

2021 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне Душанбе қаласы ие болып отыр. Шаһар басшысы тәжікстандық делегация өкілдеріне эстафетаны тапсыра отырып, қонақтарға «Достық сыйы» атты топтама тарту етті. Қазақ халқының дархан да қонақжай болмысын білдіретін «Достық сыйына» Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қаламыздың символына айналған қызғалдақтың 2200 түбі және қала тұрғындарының душанбеліктерге ыстық лебізі мен сәлемі жазылған 2200 ашық хат қосылған.

Бұл сыйлықтарды қала әкімі тарту етіп отырып, келесі жылы көктемде Душанбеде Шымкенттің қызғалдақтары жайқалып өсіп тұратынын қуанышпен жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 16:32
25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:03
Баталов ауыл тұрғындарының арызына құлақ аса ма?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:38
Бес өңір "қызыл аймаққа" енді

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33