Ел бірлігі – береке бастауы

Миуа БАЙНАЗАРОВА

09.11.2021, 12:20

423

Ақжона ауылдық округінің орталығы Майдакөл елді мекенінде ауыл күні кең көлемде аталып өтті. Орталық саябақта өткен салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, Майдакөл ауылында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

«Қасиетті Қазалы ауданы тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына толымды табыстармен жетіп отыр. Осы жылдар ішінде ауылдарға көп көңіл бөлінді. Оны бүгінгі Майдакөл ауылының тұрғындары да сезініп жатыр деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің арқасында Сырдария өзенінің «Әлсейіт» өткеліне темір бетон көпірі салынып, пайдалануға берілді. Бұл көпірді аудан халқы ғасырлар бойы армандады десек артық айтқандық емес. Екіншіден, ауылдағы біздің болашағымыз – балалар білім алатын мектеп ғимараты заманауи талаптарға сай салынған. 2020 жылы Майдакөл ауылында абаттандыру жұмысы жүргізіліп, ауыл орталығынан саябақ салынды. Одан бөлек биыл ауылдағы ауызсу сервистік желіге қосылды. Биыл Майдакөл ауылындағы электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, нәтижесінде 7,8 шақырым электр желісі мен 217 дана темір бетон бағаналары орнатылды. Жақында ғана Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінде медициналық бекеттің құрылысы басталды», – деген аудан басшысы ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін жеткізді.

Мұнан соң туған жердің өсіп-өркендеуіне белсене атсалысып, ауыл мәдениетін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан бірқатар майдакөлдік азаматтарға алғыс хат тапсырып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ауыл күні аясында «Жиенбай ишан» мешіті пайдалануға берілді. Осы елден шыққан азаматтар мен ауыл тұрғындарының күшімен салынған имандылық үйінің ашылу салтанатында Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев бастаған азаматтар құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді. Спорттың сан түрінен сайыстар ұйымдастырылып, ауданымыздың әр түкпірінен келген спортшылар бақ сынады. Ұйымдастырушылар жарыс жеңімпаздарына қомақты ақшалай сыйлықтарды табыстап ауыл күнін қорытындылады.

Тегтер: шара жоспар әкімдім мәслихат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30