24.02.2021, 09:12
1164
Марихуана саудасына «крыша» боп жүрген полиция департаментінің басшысы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бөлек өңірде 12 келі есірткі мен қару-жарақты сақтаған қылмыстық топ әшкере болды. Сорақысы сол, топ құрамында полиция департаментінің қызметкерлері болған.
«Қызылорда облысы полиция департаменті басқармасының бастығы мен қол астындағы қызметкері ұсталды. Олар қылмыстық жауапкершіліктен бұлтарту мақсатында 7 млн теңге пара алып жатқанда үстінен түстік. Сондай-ақ, полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары мен тағы үш жетекші лауазымдағы қызметкер жұмыстан босатылды», — деді ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздігінің бастығы Арман Саданов.
Жалпы қылмыстық топтармен сыбайлас болатын қатардағы тәртіп сақшыларынан бөлек олардың басшылары да үлкен пайдадан үлестерін алып отырған.
Құзырлы ведомство енді қолға түскен өз қызметкерлеріне аяушылық танытпайтынын айтып отыр. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап, ішкі істер министрлігінде үш мың қызметкер қысқартуға түспек.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР