«iKomek» 20 мың тұрғынның шағымына жауап берді

Сайт әкімшілігі

05.11.2020, 06:16

293

Шымкент қаласында IKomek бірыңғай байланыс орталығы төрт ай ішінде шымкенттіктердің 20 мыңға жуық шағымына жауап берді. Маусым айынан бастап іске қосылған орталыққа 20 641 тұрғын түрлі арыз-шағымдарымен хабарласқан. Оның ішінде 19 846 өтініш орындалған. Қалған 795 шағым қаралу үстінде. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық ситуациялық орталықтың басшысы Азат Әміртаев баяндады.

Оның айтуынша, өтініштер рейтингісінде жолаушылар көлігі және транспорт саласы көш бастап тұр. Қоғамдық көліктер және жол мәселесімен 618 шағым тіркелген, ал коммуналдық шаруашылық бойынша 498 шағым қаралған. Одан кейінгі қатарда қала тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік, тұрғын үй мәселелері толғандырған.

Шаһар басшысы халықпен кері байланыс орнату бойынша жасалған жұмыстарды тыңдап, мерзімі кешіктірілген шағымдар үшін жауапты сала басшыларына ескертулер жасады. Сондай-ақ, ай сайын есеп алынып, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11