Індетке қарсы дайындық пысықталды

Сайт әкімшілігі

16.09.2020, 14:07

71

Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдар коронавирустық инфекциямен күреске қарсы барлық тиісті шараларды жүргізуде. Мамандардың болжауы бойынша індеттің екінші толқыны болуы ықтимал. Сондықтан да осы дертке медицина мамандары төтеп бере білуі керек.

Осы мақсатта қалада инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары  арасында оқу-жаттығу шаралары басталды.

Оқу-жаттығу шарасы аясында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «112» құтқару қызметінің жұмысымен танысып, мамандарға табыс тіледі.

Оқу-жаттығу барысында науқас шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стацирнарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан-аяқ алгоритіміне баса назар аударылды. Оқу-жаттығу кезінде жедел медициналық көмек шақыртуының 4 санаты бойынша медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмдері пысықталады.

Сондай-ақ, медициналық персоналға шартты науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, коронавирустық инфекция кезінде сақтану шаралары бойынша бағалау жүргізіліп, медициналық персоналды қорғаудың барлық шараларын сақтай отырып, провизорлық стационарға тасымалдану жолдары назарға алынбақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:34
Бюджет жобасын халық жасайды
М.СӘУЛЕБЕК 09:31
Агроиндустриалды аймақ құрылады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:25
Күнгейдің көлеңкелі тұстары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 14:08
Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.10.2020, 11:30
«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.10.2020, 10:39
Трактор табанына тапталған балалар алаңы

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04