Кәсіп ашамын дегендерге көмек көп

Сайт әкімшілігі

19.09.2020, 08:33

379

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет онлайн режимде қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн-қабылдауға жазылған қала тұрғыны Шыңғыс Түлендибаев ауылшаруашылық техникасына арналған құрал-жабдықтар шығаратын және шойын, қола, жез, алюминий бұйымдарын құю зауытын ашқысы келетінін айтты.

– Сіздің жобаңызды «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асыруға мүмкіндік бар. Қажет болған жағдайда тиісті басқарма консультациялық көмек беріп, жобаны сүйемелдеп отырсын, — деп Мұрат Әйтенов сала басшыларына тапсырма берді.

Одан өзге әкімнің қабылдауына келген бірнеше тұрғын өз кәсібін бастауға қолдау көрсетуін сұрады. Олардың қатарында тігін цехын ашу, қойма салу, әлеуметтік жобаларды іске асыру секілді мәселелер қаралды.

Оларға кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпарат берілді.

Шаһар басшысы әрбір тұрғынның өтініші заң аясында қаралып, тиісті шешім шығарылатынын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11