Кәсіпкерлікке қолдау көп

Еңлік АБАҒАН

07.09.2021, 12:43

427

Қапалда жүн өңдейтін және ұлттық көрпелер шығаратын ұлттықшеберхана іске қосылды. Шеберхана «Тамшыбұлақ» қорының жетекшісі Жанат Есімбековтің бастамасымен Қапал ауылында ашылды.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып, жастарды кәсіпке үйретуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба «Азаматтық бастамаларды» қолдау орталығы КеАҚ арнайы конкурсы шеңберінде берілген грант есебінен жүзеге асқан. Кәсіпті бастауға қалай келгені жөнінде кәсіпкер:

     – Қазіргі уақытта өз кәсібіңді ашып, еңбек ету керек. Сондықтан біз уақыт ағымына қарай өз кәсібімізді бастауға бел будық. Бағдарлама жеңімпазы атанып, қайтарымсыз несиеге қол жеткіздік. Ендігі кезекте ұлттық өнердің қайта жаңғырып, дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді Ж.Есімбеков.

      Айта кетерлігі, жобаның жалпы құны – 500 мың теңге. Бүгінгі күні екі жұмыс орны құрылып, 10 адам ұлттық өнердің қыр-сырын оқып-меңгеруде. Басты мақсат – ұлттық өнерді әдемі көрпелерге кестелей отырып дәстүрді қайта жаңғырту. Алғашқы кезеңде ұлттықшеберхана ауыл халқын өніммен қамтамасыз етуге бағыттайды.

      Дәл осындай игі іс Қапшағай қаласында да жүзеге асуда. Көпбалалы ана Жанат Медетқызы да құрақ бұйымдарын жасаудың ескі технологиясын ойдағыдай дамытуда. Он бес жылдан астам тәжірибесі бар қолөнер майталманы қапшағайлық бойжеткендерге өз білгенін үйретуде. Шебер тапсырысты Қазақстанның барлық қалаларына жеткізеді.

Жанат Медетқызының айтуынша, бір күнде цех тігіншілері 40-50 қалыңдыққа арналған жасау жүктерін тіге алады. Әрбір өнімге тігіншілер білек сыбана кірісіп, тапсырыстың сапалы шығуына барын салады. Тігіншінің ойынша, құрақ тігісі көп уақытты қажет етсе де, көркемдік талғамды қажет ететін өте қызықты іс. Өйткені түстер мен пішіндерді бір-бірімен үйлестіріп, үйлесімді үлгіге айналуы үшін таңдау керек. Құрақ жастықтар, көрпелер, жапқыш өзінің қанық түсті, сан түрлі оюларымен көптің таңдайын қақтырады. Цехта барлығы 20-дан астам өнім түрі шығарылады.

     – Әрбір өнер, әрбір пішіннің өзіндік мағынасы бар. Сондықтан әр жағдайға байланысты тиісті пішіндер бар. Көп жағдайда біз жастық, көрпе, төсек жапқышты ұлттық оюмен көркемдейміз. Ата-бабамыз қолданған оюмен өрнектейміз. Кей өнімге заман ағымына сәйкес, өзгеріс те енгіземіз. Жас жұбайлар жинағын аққу, қос ғашықтың суретін салып не болмаса ізгі тілектер мен есімдерін жазып көркемдейміз. Қолымыз тиген әрбір өнімге жанымыздың бір бөлшегін сала кірісеміз, – деген шебердің айтуынша, ежелгі өнердің барлық шеберлерін тек өз ойын жүзеге асыру, өз ісін ашу, өз бизнесін дамыту ғана емес, ең алдымен өскелең ұрпаққа ата-бабаларының мол шығармашылық мұрасын, баға жетпес дәстүрлерін, тарихы мен мәдениетін сақтау және беру ниеті біріктіреді.

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55