Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды

Сайт әкімшілігі

23.05.2022, 10:30

1612

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Келес ауданында бірнеше жайт мал ұрлығын  жасаған қылмыстық топты ұсталды. 

 - Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 3 бас сиырының жайылымнан ұрланғаны бойынша шағым түсірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 181-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.                Хабарлама алысымен Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен келестік тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобын құрдық. Тәжірибеге сүйене отырып, ұрылардың ізіне түсу үшін шұғыл және жоспарланған әрекеттерді жүзеге асырдық. Мал жайылымдарына шығып, тиянақты тексерулерді ұйымдастырдық. Көрген-білгендерден жауап алып, жан-жақты сұрастыру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынның жеке басы анықталып, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстадық. Тексеру кезінде күдікті жас жігіттің, өзімен бірге мал ұрлығымен айналысқан, яғни қылмысты ұйымдастырушы тағы бір күдікті мен ұрланған малдарды сатып алушы сыбайластары бар екенін айтты. Осыдан соң қалған 6 бірдей күдіктіні қолға түсірдік. Яғни жалпы ұсталған 7 күдіктінің 4-еуі жергілікті тұрғын болса, қалған үшеуі Мақтаарал ауданының тұрғындары. Оның ішінде бірі бұрын сотты болған. Ал шығын көлемі 10 миллион теңгеден жоғары. Тиянақты тексеру мен зерделеу барысында осы ұсталғандардың 14 жайт мал ұрлығына қатысы барын анықтадық,-деді брифингте сөз алған Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов. 

Белгілі болғандай, күдіктілер қылмыс жасау барысында өз рөлдерін алдын ала жоспар бойынша орындаған. Мысалы басты күдікті мал жайылымында қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда, өзінің ұсақ малдарына қосып айдап әкетіп отырған. Содан сыбайласы екеуі ұрланған барлығы 28 үй жануарын сатып алушыларға, қасапшыға арзан бағада өткізген. Олар ұрлаған олжаларын «Газель» маркалы көлігімен тасымалдаған.

Тегтер: қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33