Келестегі келелі кездесулер

Сайт әкімшілігі

08.01.2021, 10:31

1092

Бүгін, Түркістан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы мен «Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Балабиев Қайрат Рахымұлы сайлауалды үгіт-насихат жүргізу мақсатында Түркістан облысының Келес ауданына іссапармен келді. 

Іскерлік сапар барысында сенатор мен үміткер алдымен Біртілек ауылдық округінде орналасқан «Нұржан» шаруақожалығында болып, кәсіпкердің тыныс-тіршілігімен танысты. Шаруақожалық басшысы Нұржан Умаровтың  айтуынша қазіргі таңда аудан аумағында шаруаларды қолдау мақсатында шет мемлекеттерден келетін көкөністің көшеттерін өзі құрған жылыжайда өсіріп, арзан бағада елге ұсыну екен. Кәсіпкер мен сенатордың сұхбаты барысында отандық және жергілікті кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай қолдау қазіргі таңда тек үлкен шаруа қожалықтарға ғана көрсетіліп жатқанын, ал кәсіпкерлік салаға жаңадан бет бұрған шағын кәсіпкерлер арасында бәсекелік туғызу үшін шағын кәсіпкерлерге қайтарымсыз қаржыны беруді қайта жолға қою қажеттігін айтты. 

Өз кезегінде сенатор мен үміткер аталған мәселенің өзектілігін ескеріп, алдағы уақытта шешімін қарастыруға ықпал ететінін айтты.Әлімжан Сейітжанұлының келесі бағыты 2015-2019 жылдарға арналған «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іскен асқан ауқымды жобаның бірі — «БАЕс-құрылыс» ЖШС болды. Кәсіпорын негізінен кеспе тас, темірбетон, пластик, жиҺаз, күйдірілген кірпіш, темір бұйымдар, профиль және профнастил өнімдерін шығарады. Құрылыс нысандарына қажетті өнімдерді өндіретін кәсіптік кешеннің тауарларының басым көпшілігін облыстағы ірі кәсіпорындар қолданады. Сенатор кәсіпорынды көзден кешіру барысында өндірістік орынның мүмкіндігі жоғары екенін атап, өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Кездесулер барысында «Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Балабиев Қайрат Рахымұлы кәсіпкерлік нысандардағы жұмысшыларға «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15