Кентауда 1 миллионнан астам теңгенің шөбі өртеніп кетті

Сайт әкімшілігі

04.11.2021, 16:30

563

-Түркістан полицейлері өзгенің шөбін өртеп, 1 100 000 теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады,-деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кентау қалалық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Ол түнгі уақытта белгісіз біреулер қорасындағы қысқы шөбіне өрт қойып, өзіне 1 100 000 теңге шығын келгенін мәлімдеген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің  202-бабы 2-бөлімі (қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша тіркеді.

Тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, Полиция бөліміне жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы жігіттің шөпті не үшін және қандай мақсатпен өртеп жібергенін анықтайтын болады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қоражайларыңызға бейнекамера коюды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17