Кентауда инвестиция 2,3 есеге көбейген

Сайт әкімшілігі

01.02.2021, 20:45

119

Түркістан облысы Кентау қаласының  экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Кентау қаласындағы индустриалды  аймақта 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның үшеуі жүзеге асып, ашылғалы бері 3,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл тағы бес жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде, 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Кентау қаласында қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 мыңнан асады. Өнім көлемі 30,6%-ға артқан. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде жыл басынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 250 млн. теңгеге 70-тен астам жоба қаржыландырылды.

«Яссы-несие» несиелік серіктестігі арқылы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары аясында 43 жобаға 1,6 млрд. теңге несие берілді. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 300 азаматқа  166 млн. теңге грант берілген. Олардың қатарында кондитерлік өнімдерді өндіру, тамшылатып суару, мал шаруашылығы және басқа да сала мамандары бар.

Былтыр «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы бойынша үш кәсіпкер 12 млн. теңге грант жеңіп алған. Субсидиялау үшін екінші деңгейлі банктер арқылы 9 жоба несиелендірілуге оң шешімін алған. 2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында,  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Кентау қалалық  филиалы арқылы 700 млн. теңге 6-7 % мөлшермен несие берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласы бойынша 21 жоба қаралып,  жартысынан астамы несиелендірілді.

Тегтер: инвестиция экономика бағыт бағдар қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 08.05.2021, 09:23
Жолдың сапасы жақсарады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07.05.2021, 09:09
Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:06
«Серпін» жобасы бойынша гранттардың 52% сұраныссыз қалды – Мәди Ахметов
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 06.05.2021, 11:56
Киік жайылымды құртып, шабындықты шаң қылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 09:27
Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.05.2021, 11:37
Момышұлының соқпағымен

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56